Тағылым
Әркімнің кіндік қаны тамған жері ең алдымен өзіне ыстық. Туып-өскен жердің тасы да қымбат, тауы да қадірлі, ауасы жұпар, суы шипа. Киесіз жер болмайды. Қазақтың ұлы даласының барлық түкпірі киелі, қасиетті. Мен сөз еткелі отырған Рахила Әштайқызы құрбым тарихи Тараздың іргесіндігі Байзақ ауданының тумасы.
Құрбым дейтінім, осыдан қырық жыл бұрын Алматы шет тілдері институтында бірге оқып, бір-бірімізге бауыр басып, апалы-сіңлілілердей бір-бірімізді ардақ тұтып, сырласып, мұңдасып өскен сабақтасым бұл Рахила. Институт қабырғасында жүргенде осы ұстаздық кәсіпке, шет тілін меңгеруге қалай келгенімізді айтамыз ғой бір-бірімізге. Рахила болса, жүрек қалауымен, ардақты әкесінің ақыл-кеңесімен осы институтқа келгенін әңгімелеп отыратын.
– Сен – балалардың үлкенісің. Үлкен бала жақсы оқыса, қалған артындағы іні-сіңлілері соның жолымен жүреді. Келешекте, сөз жоқ, шет тіліне деген сұраныс ұлғаяды. Ауыл мектептерінде қазірдің өзінде шет тілінің мамандары жетіспейді. Неміс, ағылшын тілдерін меңгергенің жөн болар еді,- дейді әкесі салмақты үлкен қызына сала отырып.
Сол әке аманатын арқалаған Рахила Әштайқызы Алматыдағы шет тілдері институтының неміс-ағылшын тілі факультетін ойдағыдай бітіріп, 1981 жылы Байзақ ауданындағы Октябрьдің 40 жылдығы кеңшарындағы мектепте мұғалім болып еңбек жолын бастайды. Жас ұстаз бірден жатырқамай-жатсынбай еңбекке бел шешіп араласып кетеді. Білімі терең, белсенділігі жоғары жас ұстазға қоғамдық жұмыстар да тапсырылады. Ол жылдары мектепте мұғалім кадрлары жетіспейтін. Бірде кабинет жабдықтау жұмысымен айналысса, келесісінде лингофон кабинетінің тиімділігін көтерумен бас қатыратын. Ол заманның өз қиындықтары болатын. Орыс тілінің өзін шала білетін ауыл балаларына шет тілін оқытудың өзіндік қиындықтары аз емес еді. Рахила Әштайқызы мәтіндердің қазақша баламасын құрастырып, мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін көбірек пайдаланатын.
Еліне жоғары білімді, дипломды мұғалім болып оралған қыз баласының алдында өмірдің тағы бір сынағы тұрды. Бұл – қыз бала өміріндегі тағдырлы белес. Қос бұрымды, қолаң шашты, қара торының әдемісі, аңқылдаған ақ көңіліне парасат-пайымы сай Рахила Юнусова құрбымыз Жақсылықтай жақсы жігітке жар болады. Қазақтың салтын сақтаған, дәстүрін дәріптеген, сыпайы да инабатты Рахила құрбымыз ауыл келіндерінің көшін бастап, көпке үлгі болғанын да естіп-біліп жүрдік. Қарашаңырақтан жырақ кетпей, ата-енесін бағып-қағып, сол кісілердің ақ баталарын алып, отау үйдің құрметтісі болды. Жақсылығы екеуі бақытты ғұмыр кешті. Ұстаздық қызметі мен үйдегі келіндік міндетін жібек жіптей ұштастыра білді. Ата дәстүрінен аттамай, төріндегі қариясын сыйлап, қадір тұтып көпке өнеге көрсетті. Қалың орман ауыл балаларына тіл үйретіп, өнегелі тәрбие беріп, өмірдің үлкен жолына бағыт сілтеді. Жары Жақсылық екеуінің таңертең асығып жұмысқа кететін, кешке сағынып отбасына оралатын шақтары нағыз отбасылық бақыттың көрінісі емес пе?!
Бүгінде Рахила Әштайқызы – қырық жыл ұстаздық қызмет етіп, сол ұзақ жылғы еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаз. Бұл айтуға оңай. Рахиланың алдынан кімдер білім алмады. Олар өзі өнегелі, өзі тәрбиелі, өзінің көргені мол, түйгені көп ұстаздарынан білім ғана алып қойған жоқ, өмір сүрудің қағидаттарын бойларына сіңірді. Ұстаздығымен қоса қоғамдық қызметте де белсенді болды. Мектеп кәсіподақ комитетінің төрайымы ретінде ұстаздардың құқықтарын қорғауға қатысты. Әр жылдарда ол "Жыл мұғалімі" де атанды. 1992 жылы Қазақстанның білім беру саласының озық қызметкері атағына да ие болды.
Қырық жылдық үздіксіз еңбегінің басты нәтижесі – оның білімді шәкірттері. Олардың арасында өзінің жолын қуған ағылшын тілінің мамандары да аз емес. Бүгінде солардың бірі – "Air Astana" авиакомпаниясында, келесісі мұнай өңдеу саласында, тағы біреулері туристік агенттіктерде, басқа да ірі кәсіпорындарда жемісті қызмет атқаруда.
Үйі мен мектебінің арасында шапқылап жүріп өсірген ұл-қыздары бүгінде бір-бір үйдің иесі. Өздері қалаған кәсіптерінен нәсіптерін теріп жеп жүрген абзал жандар. Жолдасы екеуі солардан немерелер сүйіп отырған бақытты ата-әжелер.
Мұғалім – қасиетті кәсіп иесі. Ұстаз – бар баланың ортақ анасы. Ана демекші, бір қолына дәптер-қаламын, бір қолына қазанын қатар ұстай жүріп еңбек етудің өзі – ғанибет! Сөйтіп жүріп, өмірге ұл-қыз әкелу, оларды тәрбиелеу, өсіру, өмірден өз орындарын табуына ықпал ету – зор жауапкершілік. Біздің Рахила құрбымыз осындай өмір белестерінің биігіне шыққан адам. 2010 жылы ұстаз ана "Күміс алқа" иегері атанды. Бір кездердегі шаршамайтын мұғалім, жалықпайтын ұстаз бүгінде немерелерін де, өзін де зеріктірмейтін әже.
Айтпасақ сөздің атасы өледі. Рахила – көпшіл жан. Бұдан қырық жыл бұрын институтта бірге оқыған курстастарын осы уақытқа дейін ұмытпайды.Әрқайсысының жақсылығының ортасынан табылып, басқадай жағдайлар болып жатса қол ұшын беріп, қамқорлығын көрсетіп жүреді. Қайырымдылық – оның бойына қонған, жанына серік еткен қасиеті. "Сұңқар құс тап-қанын шашып жейді, жапалақ бауырына басып жейді" дейді біздің дана қазақ. "Шапағат нұрын жан-жағына шашып жүретін Рахила құрбымызға Алланың нұры жаусын" дейміз біздер. Біздің замандас ұстазымыздың өз ортасында құрметке бөленуін, ұлағатты ұстаз атануын, ардақты ана болуын біз мақтан тұтамыз. Оның өз балалары мен шәкірттерінің әр тұста абыройлы еңбек етіп жүргендерін естігенде құрбымызбен бірге біздің де мәртебеміз көтеріледі. Бармын деп бас ұрмайтын, толдым деп аспайтын, кең қалпынан айнымайтын Рахила Әштайқызы сияқты ұстаз жайлы айтпағым осы еді.
Рыскен Әбішева,
Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық
университетінің аға оқытушысы,
филология ғылымдарының кандидаты
Алматы

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)