Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан

Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан

20 март 2020, Пятница
229
0
Өлең-жыры өз алдына ақ айдын,
Жанжүрегін тебіренткен талайдың.
Туғанына жүз жетпіс бес жыл болған,
Құтты болсын мерей жасы Абайдың.

Қара сөзі қуат берген халыққа,
Оқысаң да, тағы оқы, жалықпа.
Көргені көп Құнанбайдың Абайын,
Артық емес теңесем де алыпқа.

Ақын жанның сазгерлігі тағы бар,
Бір өзінде жүз адамның бағы бар.
Сонда-дағы соқтықпалы күн кешті,
Құдіретті күйшілігін таныңдар.

Ел басқарды жиырма бір жасында,
Болса керек жақсылар да қасында.
Билік деген үстемдікті үдетті,
Жақсы болып көрінсе де басында.

Бетке басып бай–манапты сынады,
Осы жолмен шәкірттерін шыңдады.
Жырта жүріп жағымпаздың жағасын,
Опасыздың отына да шыдады.

Дұшпандықтың қара бұлты төнгенде,
Айыл тартып, ауыз жауып көрген бе?
Ұлт ақыны ұлылығын танытты,
Кейбір кезде қарсы тұрды көпке де.

Ел ішінен көрмеген соң теңдікті,
Алға тартты тағлымы мол елдікті.
Татулықтың ауылына шақырып,
Көрсеткендей көңілдегі кеңдікті.

Болашақты ойлы көзбен болжады,
Күңгірттеніп көрінбеді ол жағы.
Білім ал деп, біліп ал деп ғылымды,
Жалындаған жастар жағын қолдады.

Жұмысы жоқ,тамағы тоқ азады,
Аз болмайды оның тартар азабы.
Абай айтқан әлі де бар пенделер,
Болып жүрген ел біткеннің мазағы.

Дана ақын надандыққа жүрмеген,
Жалған сөйлеп, орынсыз бір күлмеген.
Өмір жайлы күн-түндемей көп ойлап,
Қаңқу сөзге құлағын да түрмеген.

Абай айтты – еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарын көзді сатып тіленбей.
Беу, жастарым, осы жағын көп ойла,
Уақыт деген өте берер білінбей.
Абай айтқан ақылды сөз көп деймін,
Оқығанда рухым өсіп көктеймін.
Абай жолы дана жолы екен ғой,
Ізденіп бір шыңдарға да беттеймін.

Желсіз түнде жарық ай деп ән салған,
Табиғатты жырлағанда тамсанған.
Сұлулықтың сырын ашып шабытпен,
Ізгіліктің ізін кесіп жол салған.

Ойшыл ақын,сыршыл ақын бұл – Абай,
Болмысымен шыңға біткен шынардай.
Ел тірлігін көре жүріп күйзелді,
Оның жайын түсінеміз біз қалай?!

Аты шыққан аудармашы бұл – Абай,
Еңбек етті іскерлігін бұлдамай.
Ана тілін ардақтады алдымен,
Басқа тілді құрметтеді былғамай.

Абайтану ардың ісі біліңіз,
Соны ойлап,соны айтып жүріңіз.
Мұра болған ізгілікті ілімін,
Қадірлейміз,құрметтейміз бәріміз.

Абайтану жақсылыққа бастайды,
Кері кетіп, надандықты баспайды.
Әрбір сөзі салауатты,салмақты,
Адамдықтың аясынан аспайды.

Абайтану тектіліктің белгісі,
Көркем сөздің кестеленген желісі.
Ғасырлардың қойнауынан сыр тартқан,
Ақыл-ойдың бізге берген жемісі.

Абайтану тоқтау көріп қалмасын,
Үзілгенді жақсыларым жалғасын.  
Туындысы – ұлы өмір мектебі,
Көре берсін жеткіншектер пайдасын.

Ақындардың алдындағы арайы,
Дау-дамайдың додасындай маңайы.
Ғұмыр кешті құбылмалы қоғамда,
Ұлт ақыны Құнанбайдың Абайы.


Ахметжан Қосақов,
Қазақстан Республикасының 
еңбек сіңірген қайраткері.
Шу ауданы.
Обсудить

Похожие материалы:

Қазақ бол!
19 март 2020, Четверг
Қазақ бол!
Ұлы даланың өнер саңлақтары
20 март 2020, Пятница
Ұлы даланың өнер саңлақтары
Ауылымыз көркейіп келеді
13 март 2020, Пятница
Ауылымыз көркейіп келеді
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры