Ұлы даланың өнер саңлақтары
Сауытбек 1870 жылы Әулиеата уезі, Аша болысына қарасты №40 ауылда шаруа отбасында дүниеге келген. Ол өнерге жастайынан жақын болды. Сауытбектің ақындық қабілеті ел ішіндегі ойын-сауық, той-думандарда өлеңінің өткірлігімен, терең ойшылдығымен елдің назарын бірден өзіне аудара бастаған. Осылай жүріп, 1897 жылы 27 жасында көрші ауылда тұратын қыпшақ Өтебай деген байдың Ақбөпе есімді өзі сияқты айтыскер қызына ғашық болып, екеуі айтысады. Ақбөпе де Сауытбекті ұнататынын сол айтысында-ақ бірден білдіреді. Бірақ олардың үйленуіне Сауытбектің сіңірі шыққан кедейлігі кедергі болады. Амалы қалмаған Сауытбек біраз тұрмысын түзеп алып, Ақбөпені алып қашпақшы болып, бір бай өзбекке Ташкентке мал айдап баруға жалданады. Ол кезде Қордай жақтағы жаныс руының байы Тантай екі әйелінің үстіне Ақбөпені айттырып, қалың малын беріп, алып кеткен екен. Арада 3-4 ай өткенде Сауытбек ақысын алып, ауылға келе жатып Меркіге түнеп, келесі күні Шуға жеткенде алдынан қой бағып жүрген бір кедей жолдасы кездесіп қалады. Аман-саулықтан кейін Сауытбек жолдасына Ақбөпеге арнайы алып келе жатқан базарлығының бар екендігін айтады. Сонда жолдасы Ақбөпенің Қордайдағы Тантай байға қатынүстіне тоқалдыққа кеткенін айтады. Содан кеудесін намыс кернеген Сауытбек жалғыз шешесінің де жағдайын барып білместен, бірден қойшы досының көк өгізін сұрап алып, оны арқанмен ноқталап мініп, Ақбөпе кеткен жаққа тартып отырады. Шу өзенінің Қордай жақ бетіндегі «Ұлан жота» деп аталатын тұсына келін болып түскен Ақбөпенің ауылына келсе, ел кешкі малдарын жайғастырып жатыр екен. Ақбөпенің дүниесі мен артынан келген малы да осында көрінеді. Ақбөпе түскен үйге келсе ешкім жоқ. Сауытбектің аяғында шоқай, үстінде тозығы жеткен шекпен. Оны ешкім келдің-ау, кеттің-ау деп көздеріне ілмейді де. Содан отауда ары-бері біраз жүреді де, ең болмаса Ақбөпе бір ауыз зарымды естісін деп қасқыр болып ұлып былай әнге басқан екен.
"Ұлан жота" түбінде бес үй отыр,
Ақбөпеден айырылып несіне отыр.
Әлім болса бір сойқан қылар едім,
Кедейшілік қолымды кесіп отыр.
Ау, Ақбөпеу-у-у-у...
"Ұлан жота" белінде ұлығаным,
Құлағыңа барды ма жылағаным.
Әлім болса бір сойқан болар еді-ау,
Туысқаннан жырақта жүрген жерім.
Ау, Ақбөпе-у-у-у...
Ойлап едім Ақбөпені аламын деп,
Малы көп адам келіп ап кеткен соң,
Қайтейін "Ұланның жотасында" жыладым көп,-деп зарын жалғастырады.
Сонда Ақбөпе ақын жерлесінің зарын естіп күйеуіне «Сен қияметтік доссың, ал Сауытбек елде қалған жалған дос еді, жүр барайық» деп бай баласын ертіп, Ақбөпе отырған отауға келеді. Алғашында ақынды адам деп көңіл аудармаған ел түгел жиналады. Түнімен қыз ойнақ болады. Ақбөпе Сауытбек тірі болса келер деп елінен бір сандық киім-кешек ала шыққан екен. Ертесіне шомылдырып, киіндіріп шығарып салады. Содан ауылға келе жатып, жолда төбенің басында әңгімелесіп отырған екі қарияға кездеседі. Жақындап келсе қарияның бірі Атабек Садыр екен. Ол Сауытбек ақынның көзінің ісіп кеткенін көріп:
– Әй, сен ісіп-кеуіп қайдан келесің,- дейді Садыр. Ол Ақбөпемен қоштасып келе жатқанын айтып жылайды.
Сен де бір Ер Дулатсың өрде жатқан,
Атыңды жабағы мен тайға сатқан.
Сен, Садыр, қолыңда бар істі істесең,
Ақбөпе кетер ме еді бұл Дулаттан – деп оған да назын айтады. Ақынның Ақбөпеге арнаған әні бүкіл Шу өңіріне тез-ақ тарап кетеді. Араға 2-3 жыл салып Сауытбек Ташкентке мал айдап, сол баяғы бай өзбекке жалданып тағы да барады. Сарт малын өткізгеннен кейін жарты ақысын беріп, жартысын кейінге қалдырады. Содан тамақ ішуге келсе, екі бай оншақты жігітімен боза ішіп, палау жеп отыр екен. Ақын шайхананың тіреуіне сүйеніп тұрғанда жаңағы отырған байдың біреуі өзінің қасындағы әнші жігітіне, «Ақбөпенің әнін салшы» дейді. Жігіт тұрып әнге салады. Оның айтқанына онша разы болмаған қария екіншісіне айтқызады. Бірақ екеуі де нәшіне келтіре алмайды. Содан Ақбөпе әнінің қор болып бара жатқаны жанына батқан Сауытбек Ақбөпе әнін шырқап кеп жібереді. Ән біткеннен кейін олар:
–Әй, сен кімсің, бұл әнді қайдан үйреніп жүрсің,-деп қасынан орын беріп жөн сұрасады.
–Мен сол Сауытбектің өзімін, осында бір бай өзбекке жалданып елден мал айдап келгенмін,-деп жөнін айтады. Кейіннен жөн сұраса келе шымыр атаның ұрпағы екендігін айтады. Олар да шымыр атаның ұрпағы болып шығады. Өзі бай, Тәшкентте өз дүкені бар екен. Қолына қағаз жазып беріп, бір жігітке қосып дүкеніне жібереді. Сатушысы ақынды бастан-аяқ киіндіреді. Қайтып келген соң жаңағы бай оны атына мінгізіп ауылына алып кетеді. Түнімен ән салдырып, ертесіне бір қоржынды толтырып, бір ат мінгізіп, қасына бір жігіт қосып, екінші байдың үйіне жеткізіп салады. Ол да түнімен ән салдырып, бата береді.
–Шырағым, бірінші Құдайға, екінші әруаққа зарың жеткен екен қатарыңнан кем болмассың,-дейді де Әулиеатаға шығарып салады. Шешесіне аман-есен жеткен ақын байдың берген қоржынын табыс етеді. Қоржындар толған дүние екен, содан барып ел қатарына қосылады. Осының бәрін жыр етіп айтқан екен. Сауытбек қайнысы Көлбайға. Ақбөпеден айырылған соң, Сауытбек көкірегін басқан қайғыны сейілту үшін ел аралап, жиын-тойларда өзі сияқты ақындармен айтысып жүріп, көкірек еліндегі Көккөз деген қарияның қызы Күнбаламен танысып, олар бірін-бірі ұнатып отбасын құрады. Сауытбектің бақытына Күнбала өте ақылды, мейірімді жан болады. Содан кейін Сауытбек ел аралап, жиын-тойда қыз-қырқынмен айтысып жұріп, Алматының төңірегінде бір ауылда болған тойда қоралас руынан шыққан Бәтима деген ақын қызбен танысады. Екеуі бірін-бірін ұнатып, кейін екеуі үйленеді.
Сауытбектің бірінші әйелі Құтжаннан (Күнбаланы еркелетіп осылай атаушы еді) Күләй, Ләйлім есімді екі қыз, Нәметқұл есімді бір ұлы болады. Нәметқұл бір жасқа толғанда Күнбала (Құтжан)қайтыс болады. Ол кезде жаңа тұрмысқа шыққан Бәтима әлі бала тумаған кезі екен. Сондағы Сауытбек Күнбаланы жерлеп келіп, тоқалына екі қызы мен баласын табыстап былай деп жоқтау айтқан екен.
Ау, Батжан, енді саған болады сын,
Жетімнің шешесі өлген – көңілінде мұң.
Екі қыз Күләй, Ләйлім, Нәмет шырақ,
Апаңдай енді саған болады кім.
Екі қыз Күләй, Ләйлім, Нәмет шырақ,
Нәметті жылап жүріп алдық сұрап.
Балалар, кеңшілікті тәңірім берсін,
Үш бала, енді болдың жетім лақ.
Бәлені кім тоқтатар басқа келген,
Бір Алла жетімдердің қамын жеген.
Қадірін тіршілікте білмеуші едік,
Жүреміз енді қайтіп тәңір-ай деген.
Апаңды жәкең қайтып сағынбайды,
Ойласам, көңілім босап сабындайды.
Көтерген назымызды қайран апаң,
Ондай жан енді бізге табылмайды.
Жәкеңнің апаң еді берекесі,
Сендер ең одан туған мерекесі.
Қосағым, ақылдасым қайран Күнжан,
Табылмас біраздан соң көлеңкесі.
Дүние, сенен бар ма көрген опам,
Тазыдан төбет озып шалды бөкен.
Наметкұл, тірі болсаң қор болмассың,
Демесе өгей бала Батжан апаң.
Жасымнан жолдас едім Құдай дескен,
Нелер күн бұл арада бастан кешкен.
Алсам да тоғыз қатын о дариға,
Мінезі Күнжанымның шықпайды естен.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)