Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Мұратына жеткен мұраптар

Мұратына жеткен мұраптар

11 июль 2025, Пятница
17
0
Су – өмірдің нәрі, бүкіл тіршілік атаулының өзегі десек те болады. Кешелі бері елімізде су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кеңінен аталып өтуде. Біздің облысымызда да су шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар айтуға тұрарлық. Облысымыз еліміздегі суармалы егіншілік кеңінен өріс алған аймақ болып табылады. Бастауын сонау көрші бауырлас елдердің қарлы шыңдарынан алатын  Шу, Талас, Аса өзендері өңірімізді көктей өтіп, аяғы Мойынқұмның бұйрат-бұйрат құмдарын аралай сүзіп, көрші облыстың Созақ ауданына дейін жетіп жығылады.
Облыс аумағында басқа да шағын өзен-көлдер баршылық. Біздің суармалы егіншілігіміз осы аталған ағынды өзендер мен көлдерден ылғал алады, сөйтіп шаруаларымыз халықты жеткілікті азық-түлікпен қамтамасыз етуде, артылғанын көрші облыстар мен шет мемлекеттерге жөнелтуде. Облыс аумағында 7 ірі-су қоймасы, 2 су бөгеті, 12 су торабы, 427 каналдар жүйесі, 46 ұңғыма, 1 сорғы стансасы бар. Бұлар "Казсушар" шаруашылық жүргізу құқындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл филиалының  теңгеріміндегі су нысандары болып есептеледі. Бүгінгі таңда, тек осы су шаруашылығы кәсіпорынында 548 адам жұмыс істеуде. Ауылшаруашылық тауар өндірушілермен биылғы жылдың өзінде 78 399 гектар алқапты суару жөнінде келісім-шарттар жасалған. 
Су шаруашылығы қызметкерлерінің уақытпен санаспай, күн-түн демей тынбай атқарған  жұмыстарының нәтижесінде облысымызда  егіншілік саласында өнім алу көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. 
Облыс су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан жоғары бағаланды. Су шаруашылығы қызметкерлерінің күніне байланысты Ақордада өткен салтанатты шарада "Казсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Жамбыл филиалына қарасты "Сарысу" өндірістік бөлімшесінің гидротехнигі Нұргелді Мақатұлы Өксікбаев (суретте) Президенттің қолынан Үшінші дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденін алды. Сондай-ақ, 2000 жылдан бері қарай "Казсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны облыстық филиалына қарасты "Ақсай" өндірістік  бөлімшесінің басшысы  Дәулетбай Нұрбаев та осы жолы "Құрмет" орденімен марапатталды.  
Су шаруашылығы саласының ардагері, инженер-гидротехник қызметінен бастап "Казсушар" Жамбыл облыстық филилы директоры орынбасары лауазымына дейін өскен, осы салада 40 жылдай үздіксіз еңбек еткен Галия Габбасовна Зарубаева Қазақстанның су шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткері атағына ие болды.  
Кәсіби мерекеге орай, 2012 жылдан бері су шаруашылығы саласында абыроймен еңбек етіп келе жатқан, қазіргі кезде Қордай өндірістік бөлімшесі магистралды  арнасының басшысы қызметін атарып жүрген Мұхит Чалтикеновке Қазақстан Республикасының Су шаруашылығы және ирригация министрі  Нұржан Нұржігітов Президент атынан "Ерен еңбегі үшін" медалін табыс етті. 
Кәсіби мерекелерін атап өтіп жатқан облысымыздағы жүздеген су саласының мамандарының елге қажетті еңбектерінде табыстарға жете берулеріне тілегімізді арнаймыз.  Аман болыңыздар, арнамыз суға толсын, дастарханымыздан молшылық кетпесін! 

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
Арды ойлаған азамат 11 июль 2025, Пятница
Бағы жанған азамат 11 июль 2025, Пятница
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры