Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Жасампаздық жаршылары

Жасампаздық жаршылары

01 июль 2026, Среда
29
0
"Тараз 24" телеарнасының директоры 
Зарина Қуатоваға! 
Журналистер арасында ірісің,
Жоқтан барды жасайтынның бірісің.
Қыз да болсаң, ер жігіттей еренсің,
Телеарнаның жарқыраған гүлісің.

Еңбегіңнің беріп жатыр ел бағасын,
Тапқырлықпен асуларды аласың.
Аймақтың ақпаратын паш ететін, 
Қордайдан телеарна ашқан сен ғанасың.

Ардагер журналист 
Жарылқасын Нұралиевке!
"Taraz News"-ты талай жыл дүрілдеттің,
Жазғандарың ел-жұртты гуілдетті.
Нәтижесі – оқырманды күлімдетті,
Әкімдердің тізесін дірілдетті.

Ізденіспен іс қылып шын қалаулы,
Үйренгенсің бос сөзді бұлдамауды.
Ел мерейін асырып, еңбек етіп,
"Кто есть, кто?" – мен паш еттің тұлғаларды.

Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, ардагер журналист
Сансызбай МАХАМБЕТҚҰЛОВҚА!

Сөздерің тек маржаннан құралады,
Жолдан өттің аз емес бұралаңы.
Сансызбайдай редактор жоқ-ау сірә,
Сан жыл бойы басқарған "Шұғыланы".

Ел есінде сақталар жарқын тұлғаң,
Өнегең бар, ұрпаққа үлгі болған.
Газет үшін төгілген маңдай терді,
Ұмытпайды ұжымың өзің құрған.

Облыстық "Aq Jol" газетінің бас редакторы, облыстық мәслихаттың депутаты 
Оралхан Дәуітке!

 
Елге мәлім ұшар көл, қонар тауың,
Қырансың сен құздардың шолар бәрін.
Елудің есігін де айқара ашып,
Ел ағасы атандың Оралханым.

Жігітсің шоғы биік, бағы батпан,
Қаламының күн санап қадірі артқан.
Әдебиеттің қаланып бұрышына,
"Ақ самаурын" табылады әр шаңырақтан.

Талас ауданының Құрметті азаматы, ардагер журналист Сәулембай Әбсадықұлына!
Таңдайынан төгіліп сөздің нәрі,
Жазғандары тек қана елдің жайы.
Адамдарға қызмет ету мақсаты оның,
Ақылманы Таластың Сәулембайы.

Жол көрсетіп жастарға бағыт берген,
Қаламың да мұқалмас жазып жүрген.
Төбе биі атандың көтеріп елдің жүгін,
Мақтанамыз өзіңдей даңқты ермен.


Мойынқұм аудандық 
"Мойынқұм таңы" 
газетінің бас редакторы, журналист 
ЕСЕТ ДОСАЛЫҒА

Тілші болып газетте жарқылдадың,
Айтыс десе бәйгеден тартынбадың.
Дархандығы даладай бұл Есеттің,
Аңғалдығы баладай аңқылдаған.

Әзілдесіп бәрімен ойнап күлдің,
Бірісің орақ ауыз, шойын тілдің.
Таластың баурайында туып-өсіп,
Жұлдызын жарық қылдың Мойынқұмның.

 Журналистерге  мерекелік жыр арнаған: 
Мұқағали Балтабаев, ақын 
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

Еңбегі ерен
08 июнь 2026, Понедельник
Еңбегі ерен
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры