Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Жарыс жолында Күштілер мен ептілер

Жарыс жолында Күштілер мен ептілер

05 май 2025, Понедельник
15
0
Өткен аптаның жұмасында "Тараз-Арена" спорт  кешенінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған  облыстық ардагерлер кеңесінің және облыс әкімдігі спорт және дене шынықтыру басқармасының  ұйымдастыруымен "Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" атты спорттың жеті түрінен ардагерлер арасындағы дәстүрлі спартакиада жалауын көтерді. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев жарысқа қатысушы ардагер спортшыларға сәттілік тіледі.
Тараз қаласынан және барлық аудандардан келген жандарына сергектікті серік еткен ардагер спортшылар жастарының ұлғайғанына қарамастан шеберлік танытып, бәсеке бәсін қыздырды. Жекелеген спорт түрлері бойынша волейболдан Тараз қаласының, Жамбыл, Байзақ аудандарының, үстел теннисінен ерлер арасында Тараз қаласының, Қордай, Жамбыл аудандарының, әйелдер арасынан Тараз қаласының, Қордай Жамбыл аудандарының, дойбыдан ерлер арасында Тараз қаласының, Қордай, Шу аудандарының, әйелдер арасынан Жуалы, Талас, Байзақ аудандарының, асық ату бойынша Тараз қаласы, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандарының, шахматтан ерлер арасында Тараз қаласының, Жамбыл, Меркі аудандарының, әйелдер арасынан Тараз қаласының, Жуалы, Қордай аудандарының, тоғызқұмалақтан ерлер арасында Тараз қаласының, Талас, Сарысу аудандарының, әйелдер арасынан Сарысу ауданының, Тараз қаласының, Меркі ауданының спортшылары жеңіс тұғырына көтеріліп жүлдегер атанды. Бильярдан Тараз қаласының, Шу, Қордай аудандарының командалары шеберлік танытты. 
Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды Тараз қаласының, екінші орынды  Жамбыл ауданының, үшінші орынды Қордай ауданының спортшылары иеленді. 
Жалпыкомандалық есепте және жекелей спорт түрлері бойынша жеңімпаз атанғандарға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыс әкімдігі спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Ернар Ибраймов сертификаттар, кубоктар, мен дипломдар тапсырды.  
"Ғұмыр-Дария"–Ақпарат
Обсудить

Похожие материалы:

спорт
29 апрель 2022, Пятница
спорт
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры