Жарыс жолында тек қана қариялар
Облыс ардагерлер ұйымдарында күн сайын бір жаңалық. Бұл жолы Тараздағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған облыс ардагерлері арасында спорттың сегіз түрінен дәстүрлі спортакиаданың жалауы түрілді. Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының демеушілігімен өткен байрақты бәсекеге Тараз қаласы мен облысымыздың 10 ауданының құрама командалары бақтарын сынады.
Жарыстың ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраймов қатысты. Ардагер спортшыларды облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
Ардагер спортшылар спорттың сегіз түрінен – дойбы, асық ату, үстел тенисі, тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол, бильярд ойнаудан, дартстан бәсекеге түсті.
Айтуымыз керек, облыстық деңгейде үлкендер арасында ұйымдастырылған бұл байрақты бәсеке жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Олардың жоғары спорттық көреткіштерге жетуіне және жарыс жолындағы шеберліктері әділ бағалануына барлық жағдай жасалды. Егде жасқа келген аға буын өкілдері әлі де болса қайраттарының қайтпағандығын көрсетті. Бұл күні «Тараз-Арена» спорт кешені көрермендерге лық толды. Олар ардагер спортшылардың әрбір сәтті қимылына қошемет көрсетіп қол соғып отырды.
Тартысты өткен спортакиадада дойбы ойнаудан ерлер арасында тараздық Виктор Устинов бірінші, қордайлық Жәнібек Ермекбайұлы екінші, жуалылық Сейтхан Бектаев үшінші орынды, әйелдер арасынан меркілік Гүлназ Каримжиева бірінші, тараздық Флора Ем екінші, Т.Рысқұлов ауданынан келген Гүлдархан Базарқұлова үшінші орынды, асық атудан Т.Рысқұлов ауданынан келген Расылхан Мейірқұлов бірінші, жуалылық Қуатбек Өмірзақов екінші, қордайлық Қайрат Сайбиров үшінші орынды, ерлер арасында үстел тенисінен тараздық Шахтыбай Байганов бірінші, қордайлық Эрсмане Бейшанло екінші, сарысулық Низами Алиев үшінші орынды, үстел тенисінен әйелдер арасында тараздық Күльжамия Адилова бірінші, қордайлық Раушан Жолдыбаева екінші, жамбылдық Күлайхан Имашева үшінші орынды, тоқғызқұмалақтан ерлер арасында тараздық Мейрамқұл Ноғайбаев бірінші, байзақтық Тұлғабай Ниязымбетов екінші, сарысулық Құдайберген Түлкібеков үшінші орынды, тоқғызқұмалақтан әйелдер арасында Т.Рысқұлов ауданынан келген Гүлнұр Орманова бірінші, жамбылдық Райхан Туғанбаева екінші, тараздық Орынкүл Алтаева үшінші орынды, шахматтан ерлер арасында жамбылдық Абдулла Машанло бірінші, меркілік Тынышбек Кембай екінші, Т.Рысқұлов ауданынан келген Серік Раймқұлов үшінші орынды, шахматтан әйелдер арасында тараздық Қанымкүл Бейсінбай бірінші, қордайлық Роза Сатова екінші, жуалылық Умиякүл Қожаназарова үшінші орынды, дартстан ерлер арасында меркілік Асқар Нұрманов бірінші, мойынқұмдық Шахикерім Исабеков екінші, меркілік Әскербек Құрманов үшінші орынды, дартстан әйелдер арасында тараздық Наталья Синенко бірінші, байзақтық Шолпан Дабылбекова екінші, мойынқұмдық Роза Сабырова үшінші орынды, бильярдтан қордайлық Майлыбек Атшабаров бірінші, жамбылдық Абухамит Юнусов екінші, шулық Асқар Нұржанов үшінші орынды иеленді. Ардагер волейболшылар арасындағы бәсеке тартысты өтті. Қол добының шеберлері көрермендерге жақсы ойын сыйлады. Тараз қаласынының волейболшыларының мерейі үстем болып, жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші, үшінші орындарды Жамбыл және Байзақ аудандарының волейболшылары өзара бөлісті.
Жалпы командалық есепте Тараз қаласының ардагер спортшылары бірінші, Жамбыл ауданының командасы екінші, Қордай ауданының командасы үшінші орыннан көрінді. Төртінші, бесінші орын алған Жуалы ауданы мен Байзақ ауданының спортшылары арнайы жүлделерге ие болды. Сондай-ақ Меркі, Сарысу, Талас,Шу, Мойынқұм аудандарының командаларына «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы жүлдесі табыс етілді.
Қонысбай ИЛЬЯСОВ, облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі,
Алдаберді МАҚАШЕВ, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)