Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ

ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ

19 август 2026, Среда
31
0
Құлан ауылдық ардагерлер ұйымы   ауданда жастарға ұлттық, патриоттық тәрбие беру жұмыстарына белсене қатысып келе жатқан аудан орталығындағы іргелі қоғамдық құрылым. Ауылдық ардагерлер кеңесі өз жұмысын «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ережесін басшылыққа алып, әкелер, аналар, билер кеңестерімен бірлесіп, тұрғындар, зейнеткерлер, жасөспірімдер арасында тәрбие жұмыстарымен қатар, түрлі мәдени-көпшілік шараларының басы-қасынан табылуда. Біздің ардагерлер кеңесі тек қана айтулы күндерде ғана емес, ауданның   саяси қоғамдық  өмірінен тыс қалмау үшін жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді. Басты мақсат – әр зейнеткер назардан тыс қалмауы керек. Оның тұрмыс жағдайы, денсаулығы, отбасына қажетті мәселелер ардагерлер кеңесінің басты назарында. Әрине, аудан орталығында болғандықтан бізде зейнеткерлердің барлығы дерлік су, газ, жарық, жол, транспорт мәселелеріне бас ауыртпайды. Сондықтан  ауылдық  ардагерлер кеңесі олардың денсаулығына қажетті  дәрі дәрмек, денсаулық жағдайын тексеруден өткізу секілді мәселелерге  назар аударады. Белсенді ардагерлеріміз әрбір  көшеге бекітіліп, жасы ұлғайған, жүріп-тұруы қиын зейнеткерлерге жолығып, олардың  мұң мұқтаждарын тиісті органдарға  хабарлап, орындалуын бақылауға алады. Сол секілді ардагерлер аудан көлемінде өтетін барлық тазалық күндерінен, бұлақ көздерін ашу, түрлі тәрбиелік, өндірістік шаралардан тыс қалған емес. Жастар арасында  «Адал еңбек», «Адал адам» тұғырнамасын насихаттауға даярлығы мол, еңбек тәжірибесі  бар, әр саланың білікті мамандары Т.Алагозова, Р.Шадилбеков, С.Тажиев, С.Карашев, Ә.Тәжіков, М.Мангутов секілді белсенділер тартылған. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық тәрбие беру жұмыстары да ардагерлеріміздің назарынан тыс қалған емес. Аудандық мәдениет үйінде, колледждtрінде ауылшаруашылығы белсенді студенттермен, жастармен ардагерлеріміз кездесулер   өткізіп, бай өмірлік жолдарымен, өндірстік тәжірибелерімен бөліседі. Соңғы кезде коғам алдына  экология мәселелері  өткір қойылып отыр. Себебі осы экология  талаптарын сақтамаудан ел арасында   түрлі аурулар өріс алуда. Экологиялық тепе-теңдік,  флора мен фаунаны сақтау әр азаматтың борышы, ал оны әр жасөспірімнің бойына сіңіріп тәрбиелеу барлық аға буын өкілдерінің төл  міндеті деп білеміз. Экология талаптарын сақтау дегеніміз тек көше, саябақ  тазалау емес, қоршаған  ортаны қорғау, су көздерін таза ұстау, қажетсіз заттарды жинап, оларды мүмкін болса ұқсату, жайылым жерлерді өз мақсаттарында  дұрыс пайдалану. Жастардың бойына күнделікті жүріп-тұру мәдениетін сіңіру және экологиялық тәрбие беру мақсатында  ұлттық  құндылықтарымызға жүгінсек артық болмайды. Атам заманнан қазақ елі   аң-құсты сақтап, тек керегінше пайдаланған, ысырапқа жол бермеген, обал болады деп орынсыз қылықтарға тиым салған. Тіптен   алыс мал жайылымда жүрген малшылар көшкенде жұртының айналасын қоқыстан тазартып, ошағының күлін шығарып барып көшкен. Халқымыздың осындай асыл қасиеттерін  жастардың бойына   сіңіріп, насихаттап  отыру,  шектен тыс  батыс мәдениетіне  еліктеуден сақтандыру  әрбір   ардагерлердің парызы. Б.ӘЛІПБАЕВ, Құлан ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы. Т.Рысқұлов ауданы
Обсудить
Блок в статье:
ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ 19 август 2026, Среда
Тағылым 18 август 2026, Вторник
Даналық мекені – кітап әлемі 18 август 2026, Вторник

Похожие материалы:

МОЙЫНҚҰМДА –  ЖАҢА ТӨРАҒА
12 август 2026, Среда
МОЙЫНҚҰМДА – ЖАҢА ТӨРАҒА
Жиналыс
19 август 2024, Понедельник
Жиналыс
«Мектепке жол»
29 август 2024, Четверг
«Мектепке жол»
ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫС
20 август 2024, Вторник
ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫС
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры