Әділетті қоғамға – шыншыл сөз
Өткен аптада Тараз қаласындағы «Достық үйінде» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылдары айтқан ой-тұжырымдары мен ел дамуына қатысты пайымдары топтастырылған «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының таныстырылымы өтті. Рухани-танымдық кездесуге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер, азаматтық қоғам белсенділері мен жастар қатысты.
Таныстырылым барысында кітаптың мазмұны мен негізгі бағыттары кеңінен сөз болды. Жинақта Қазақстанның саяси, экономикалық және қоғамдық жаңғыруына қатысты ойлар, мемлекеттілікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам қалыптастыру, азаматтардың әл-ауқатын арттыру секілді мәселелер қамтылған. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының Жамбыл өңіріне айрықша назар аударып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.
– Мемлекет басшысының Жамбыл жеріне айрықша назар аударып, тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын баршаңыз жақсы білесіздер. Президенттің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, жаңа өндірістерді іске қосуға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағыт-талған бастамалары өңіріміздің келешегі үшін айрықша маңызға ие. Сонымен қатар Әулиеата өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және рухани әлеуетін арттыру бағыттарына да ерекше мән берілуде. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау – бізге артылған үлкен сенім әрі зор жауапкершілік. Сондықтан Президент айқындаған стратегиялық міндеттерді сапалы жүзеге асырып, олардың нақты нәтижесін халықтың күнделікті өмірінен көрінетіндей ету – біздің ортақ міндетіміз, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Бұл ретте кітаптың құндылығы – Мемлекет басшысының әр кезеңдегі сөздерін жеке-жеке қарастырумен шектелмей, ел дамуының негізгі бағыттарының қалай қалыптасқанын аңғаруға мүмкіндік беруінде. Оқырман реформалардың идеялық бастауына, қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттердің өзгеруіне және бүгінгі мемлекеттік саясаттың басымдықтарына қатысты тұтас түсінік ала алады.
Таныстырылымда Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев, облыстық «Знамя труда» газетінің бас редакторы Людмила Мельник және облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Кадралиев кітапта көтерілген мәселелер жөнінде пікірлерін білдірді. Жиын соңында қатысушылар жинақтың мазмұны мен негізгі идеяларын талқылап, оның қоғамдық-саяси және рухани-танымдық маңызына тоқталды.
«Ғұмыр-Дария»–Ақпарат

Обсудить
Блок в статье:
Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы
30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші
30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші
30 сентябрь 2026, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)