Ербол Қарашөкеев ардагерлермен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ардагерлердің басын қосып, емен-жарқын дидарласты.
Ербол Қарашөкеев 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталды. Ол халықтың әл-ауқатын көтеру - негізгі стратегиялық мақсат екенін айта келе, келер жылы облысқа инвестиция тарту, ШОБ-ты қолдау, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру және өзге де салалар бойынша мақсат-міндеттерді атап өтті.https://www.gov.kz/uploads/2024/12/25/27715ac66a141e4888e6a0c080ab89b4_1280x720.jpeg
Басқосуда бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері сөз сөйлеп, ел мен жердің амандығын тіледі.
Кездесуді қорытындылаған Ербол Қарашөкеев ардагерлермен байланысты үзбейтінін, олардың құнды ұсыныс-пікірлерін үнемі назарында ұстайтынын айтып, естелікке фотоға түсті.
Жамбыл облысының әкімдігі

- Қастерлі Отанымыз бен өңіріміздің алға өрлеуіне елеулі үлес қосып, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырсыздар. Сіздерге құрмет көрсету – біздің азаматтық парызымыз деп білемін.Бұдан соң аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қоғамдық жұмыстағы белсенділігі үшін Бастауыш ардагерлер ұйымының бірқатар мүшесі Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың қатарында Опабек Досаев, Полина Ким, Жексен Арынов, Күләш Назарбекова сынды азаматтар бар.
Бүгінде аға буын өкілдері жастарға жол көрсетіп, олардың бойына ұлттық болмыс пен құндылықты сіңіріп, үнемі ақыл-кеңес беруден жалыққан емес, – деген облыс әкімі ардагерлердің дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық, бақ-береке тіледі.
Басқосуда бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері сөз сөйлеп, ел мен жердің амандығын тіледі.
Кездесуді қорытындылаған Ербол Қарашөкеев ардагерлермен байланысты үзбейтінін, олардың құнды ұсыныс-пікірлерін үнемі назарында ұстайтынын айтып, естелікке фотоға түсті.
Жамбыл облысының әкімдігі
Обсудить
Блок в статье:
"Отбасындағы әкенің рөлі"
26 декабрь 2024, Четверг
Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл!
26 декабрь 2024, Четверг
« Ең үздік төрайымы»
26 декабрь 2024, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)