Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Таңатаровтар әулетінің мерейі асты

Таңатаровтар әулетінің мерейі асты

25 июль 2024, Четверг
152
0
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы –2024» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңінде жеңіске жеткен әулеттерді марапаттады. Салтанатты шарада аймақ басшысы ұлттық байқаудың тағылымы мен маңыздылығына тоқталып, жеңімпаз отбасыларға құрмет көрсетті.
– Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік отбасынан бастау алып, қалыптасады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қажырлы еңбек, өнегелі тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқан отбасыларды үлгі етуді көздейді.
Бұл байқауға қатысқан әр әулет түрлі салада жетістікке жетіп, отбасы абыройын асырып, құрметке бөленіп жүрген жандар. Олардың жарасымды сыйластығы мен шынайы отбасылық қарым-қатынасы баршаға үлгі-өнеге, – деп атап өткен Ербол Қарашөкеев әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, береке-бірлік тіледі.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауы өңірде 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында 2500-ден астам жамбылдық отбасы байқауда бақ сынады.
Биыл ұлттық конкурсқа Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 218 отбасы қатысып, облыстық кезеңге 22 жанұя жолдама алды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Таңатаровтар әулетіне бұйырды. Бұл отбасының үш буыны, яғни әкесі, балалары мен немерелері спортты жанына серік еткендер.
Шаңырақтың үлкені Достық Таңатаров үш ұлын спортқа баулып өсірген. Ол кісі еркін күрестен спорт шебері, аға жаттықтырушы. Ұлдары Ақжүрек Таңатаров Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, Ақниет Таңатаров болса бокстан республикалық жарыстарда жеңімпаз атанған. Үшінші ұлы Едіге Таңатаров та спортпен айналысады, бүгінде «Бірлес» көкпар клубының капитаны.
Ата жолын немелері де жарысымды жалғастырып келеді. Есугей мен Әділ еркін күресті жанына серік етсе, Айзере көркем гимнастикамен тұрақты түрде шұғылданады.
Ал, бірінші орынның тұғырынан меркілік Ешетовтар отбасы көрінді. Екінші орынға шулық Баймағанбетовтар және құландық Өмірбаевтар отбасы ие болды. Жамбылдық Абсатаровтар мен сарысулық Шынбатыровтар әулеті үшінші орынның иегері атанды.
Байқау жеңімпаздарына диплом және қаржылай сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, жеңіске жеткен отбасылардың барлығы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Олардың қатарында ата кәсіпті жалғап, білім беру, денсаулық сақтау, темір жол саласын өркендетуге атсалысып жүрген отбасылық әулеттер бар.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңінде Таңатаровтар әулеті өңір намысын қорғайды.
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – АҚПАРАТ
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры