Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ

ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ

11 август 2022, Четверг
142
1



Тараз қаласында тұратын Ержановтар жанұясы облыстық «Мерейлі отбасы-2022» байқауында үздік шықты.
Енді олар республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады. 
Облыстың ұлағатты отбасылары анықталған байқау жеңімпаздарын Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» орталығында өткен салтанатты шарада Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев марапаттады. Салтанатты шарада сөйлеген сөзінде Еркін Құлымбайұлы ел дамуындағы отбасы институтының маңызына тоқталды.
— «Отан – отбасынан басталады» десек, үлкен мемлекеттің ертеңі әрбір отбасының дамуына байланысты қалыптасатыны сөзсіз. Отбасы құндылығын насихаттап, жанұя татулығы мен бірлігін нығайтуға септігі тиетін байқауға қатысушылардың бәрі де әулеттің абыройын асырып, шаңырақтың шаттығына бөленіп отырған жандар. Сондықтан әрқайсыңыз жеңімпаз болуға лайықтысыздар, – деді өз сөзінде жеңімпаздарды құттықтаған облыс әкімінің орынбасары. 
Сегіз жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бәсі зор бәсекеде биыл 247 отбасы бақ сынаған екен. Оның ішінде қалалық, аудандық іріктеу сындарында үздік шыққан 22 отбасы облыстық байқауға жолдама алған екен. Жалпы «Мерейлі отбасы» байқауы ұйымдастырыла бастағаннан бері бұл сайысқа 1 500-ден аса жамбылдық отбасы қатысыпты. 
Ал, биыл аталған байқаудың облыстық кезеңінде Қордай ауданынан келген Вансинвиндер әулеті үшінші орынды жеңіп алды. Жүлделі екінші орын Т.Рысқұлов ауданының намысын қорғаған Далибаевтар отбасына бұйырды. Бірінші орын Байзақ ауданынан Мамырбаевтар отбасының еншісіне тиді. 
Жүлдегер отбасыларға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Облыстық байқаудың бас бәйгесін еншілеген тараздық Ержановтар отбасы 19 баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай мәпелеп өсірген. Отанасы 7 перзентті аман-сау дүниеге әкеліп, «Алтын алқа» иегері атанған. Ал, қалған 12 баланы аталған отбасы асырап алып, бауырына басқан екен. Сол үшін де бұл отбасы Ұлттық қоғамдық «Алтын жүрек» сыйлығының және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанған. Қазір Ержановтар шаңырағы 56 немере, 8 шөберенің шат күлкісіне кенеліп отыр. 
Айта кету керек, бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров «Мерейлі отбасы» конкурсы енді жаңа ақпараттық форматта өткізілетінін хабарлаған. Расында биыл отбасылық құндылықтарды дәріптеуге аймақтарда үкіметтік емес ұйымдар, жастар ресурстық орталықтары кеңінен тартылды. Байқаудың ақтық сынына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Ардагерлермен ақылдасты
01 июль 2022, Пятница
Ардагерлермен ақылдасты
Анаға тағзым
26 октябрь 2021, Вторник
Анаға тағзым
Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Leandro
Leandro Гости 26 сентября 2024 03:26
replica shoes qg027 Replica Sneakers Dirty White,discountshoesmart ie590
Сотрудники
Партнеры