Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Анаға тағзым

26 октябрь 2021, Вторник
117
0
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен бой көтерген орталықтың алдына ақжаулықты аналардың құрметіне еңселі ескерткіш орнатылған. Нысан жергілікті демеушілердің көмегімен салынған. Мұндай орталық бұған дейін Ақтөбеде бой көтерсе, еліміз бойынша екінші болып Тараз қаласында ашылып отыр.
Салтанатты шараға елімізге танымал азаматтарды өмірге әкелген аналар, спорт пен өнердегі нәзікжандылар, кәсіпкер әйелдер мен қоғам белсенділері қатысты.
Аймақ басшысы Б.Сапарбаев өткеннің өнегесін бүгінгі жас буынның бойына сіңіру керектігін айтып, орталықтың алдағы уақытта атқаратын жұмысына тоқталды.
–Ана мен баланы қолдау, отбасылық құндылықтарды нығайту және дамыту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда пайдалануға беріліп отырған «Анаға тағзым» орталығы бір жағынан сұлулық пен ізгілікті паш етіп тұрса, екінші жағынан тұтас еліміздің дамуына ұйтқы болып жүрген қазақ әйелдерінің жиынтықы бейнесі, бұл нысан XXI ғасыр әйелінің қалыптасуына ықпал етеді деп ойлаймын,- деді облыс әкімі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құнанбай» фильмінде Абайдай кемеңгердің асыл әжесі – Зеренің рөлін сомдаған Нұрсифат Салықова  орталық жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Көпбалалы ана Сапура Ержанова аналарға айрықша көңіл бөліп отырған мемлекет, облыс басшылығына деген ризашылығын жеткізді.
Бұдан соң қонақтарға ғимараттың құрылымы таныстырылып, қазақы дәстүрмен тұсаукесер рәсімі өтті.
«АрайСтройМаркет» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында сыйға тартқан үш қабатты ғимараттың барлық залы, дәлізі ұлттық нақышта безендірілген. Мұнда жас және көпбалалы аналар үшін түрлі курстар ұйымдастырылып, психологиялық және құқықтық тұрғыдан жан-жақты қолдаулар көрсетіледі.
Орталықтағы «Мирас» экспозициялық залында ұлттық салт-дәстүрлер барынша насихатталады. Ал, «Алқа» салтанат залы және «Інжу-маржан» әдеби-музыкалық қонақжай бөлмесінде ұлы тұлғалар мен ел мақтанышына айналған азаматтарды өмірге әкелген қайраткер аналардың және талантты нәзікжандылардың портреттері ілінген.
Сондай-ақ, «Сырғалым» сырласу клубы, «Ерке сылқым» хореографиялық залы, «Қызғалдақ» ұлттық экотәрбие клубы, «Сырлы әлем» бейнелеу өнері және «Ана тілі» шешендік өнер мектептері, «Қазына» ұлттық аспаптар сыныбы, «Ынтымақ» коворкинг залы, «Береке» аспаздық және «Бойтұмар» қолөнер және дизайн студиялары жұмыс жасайды.

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
Жағымды жаңалық
14 октябрь 2020, Среда
Жағымды жаңалық
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры