Облыс ардагерлер ұйымдарында
Өзіміздің төл басылымымыз "Ғұмыр-Дария" газетінде 2021 жылдың 24 маусымында жарияланған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың "Үлкендерден өнеге алып, батасымен өскен ұрпақпыз" деген сұхбатын бір деммен оқып шықтық. Біріншіден, облыстың бірінші басшысының ардагерлер газетіне қайырылып, кең көлемде арнайы сұхбат беруі, газет редакторы Жаңабай Миллионовтың сұрақтарына толыққанды жауап қайтаруы облыс ардагерлер ұйымына көрсетілген құрмет деп білеміз. Екіншіден, бұл сұхбатты газет редакциясының ізденісінің жемісі деп бағалағанымыз да ләзім.
Осы сұхбатта облыс ардагерлер ұйымының атқарып отырған қоғамдық қызметіне жоғары баға беріліпті. Ардагерлеріміздің белсенділігі туралы кеңінен айтылыпты. Бердібек Мәшбекұлы өз сұхбатында:"Жалпы, қай жерде болмасын ардагерлердің белсенділігіне, барлық істе қоғамшыл, талапшыл, әділетті, шыншыл қасиеттеріне риза болып жүреміз" деп атап көрсетіпті. Шындығында, ақысыз-пұлсыз, жастарының ұлғайғанына қарамастан шапқылап қоғамдық қызмет атқарып жүрген облыс ардагерлер ұйымының белсенділері үшін бұл жоғары баға.
Әрине, облыс әкімі аймақтағы жағдайдан барлық уақытта хабардар болып отырады. Ол кісі үшін мәселенің үлкен-кішісі жоқ. Сұхбатты оқи отырып мен облыс әкімінің ардагерлер ұйымының бірқатар көшбасшыларының атын атап, олардың жұмысына жоғары баға беруін ризашылықпен қабылдадым. Осы орайда, аймақ басшысының ардагерлер ұйымының қызметін саралап, пайымдап отыратындығына риза болдым. Азды-көпті атқарып жүрген қызметіміз басшымыздың тарапынан, ол кісінің аузымен үлкен бағаға ие болып жатса, әрине, қанағат сезімі пайда болады.
Жалпы, Б.Сапарбаев осы сұхбатында тек ардагерлер ұйымының қызметімен ғана шектеліп қалмай, тағылымы зор тәрбие мәселесіне көбірек назар аударыпты. Әсіресе, бүгінгі қоғамдағы үлкендердің алар орны туралы орынды тұжырымдар жасаған. Көптен бері үлкендерге риза болмау, олардың қоғамдық қызметіне, жүріс-тұрысына орынды-орынсыз сын айту сипатындағы қоғамда қылаң беріп жататын жағдайлардың орын алуы жиілеп кетті. Осы орайда, Бердібек Мәшбекұлы: "Адамдардың бәрі бірдей емес, біреулері жас келген сайын ақыл-тәжірибелері толысып, айналасына, төңірегіне дана сөздерімен, келісті пайым-парасатымен үлгі көрсетіп, мейірімі мен имандылықтың шапағатын шашып жатады, кейбіреулері еңбекпен көзін ашып, сол еңбегінің жемісін теріп жеп, бала-шағасымен бейнетінің игілігін көреді. Олардың арасында шешендері де бар, көсемдері де бар. Қой аузынан шөп алмас, елмен көп шаруасы бола бермейтіндері де аз емес. Біреулері қоғамдық жұмысқа бейім болып, көптің ортасында жүргенді қалайды, басқалары саяқтық танытады, енді осылардың бәріне "сен сондайсың, сен мұндайсың" деп кінә қою мәдениеттілікке жата ма?" деп түйеді.
Дұрыс қой. Үлкендерге ғайбат айту қазақтың әдебінде де, әдетінде де жоқ. Біз жүрген жерімізде осы мәселені айтуымыз керек, ұғындыруымыз керек.
Қарттарға құрмет көрсету, қолдау жасау– мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыты. Осы орайда сұхбат беруші облыс көлемінде зейнеткерлерге, жасы үлкендерге әлеуметтік қызмет көрсету мәселесіне жан-жақты тоқталыпты.
Кейінгі кездерде қоғамда жастар тәрбиесіне қатысты мәселелер көбірек көтерілуде. Бұл орайда ардагерлер ұйымдарының атқаратын қызметі де зор. Бұл мәселені де Бердібек Мәшбекұлы осы сұхбатында айналып өтпепті. Ол кісінің? "Тәрбиенің негізі – отбасында қаланады, балабақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында, еңбек ұжымдарында сәтті жалғасын тауып жатса, қанеки. Бұл арада әке тәрбиесі айрықша орынға ие, ананың тағылымы өз алдына бөлек әңгіме... Дәстүрлі ата-әже тәрбиесін біз босаңсытып алғанымыз анық... облыстық ардагерлер кеңесі тарапынан қолға алынып жатқан "Аналар кеңесін", "Әкелер кеңесін" құру жөніндегі бастамалар қолдауға, құптауға тұрарлық" деп тұжырым жасауын біз құп алып, алдағы қызметімізге пайдалануға тиістіміз.
Осы кеңестер құру жөнінде әртүрлі пікірлер де айтылады. "Осыларды көбейте беріп не керегі бар" деген сөздерді де естіп жүрміз. Біздің облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан салық саласында ұзақ жыл қызмет істеген еңбек ардагері Қонысбай Илясов төрағалығымен құрылған әкелер кеңесі өзінің қызметін белсенділікпен бастап жатыр. Әкелер кеңесінің мүшелері бірнеше отырысын өткізді, ауылдарды аралап жүр, жергілікті жерлерде ата-аналармен, жастармен кездесіп, қоғаммен тығыз байланыс орнатуда. Тараз қаласының іргесіндегі Шөлдалада, Жамбыл ауданының бірнеше ауылында өткен осындай кездесулердің пайдалы жағы көп болды ғой деп ойлаймын. Осы орайда, әкелер кеңестерінің барлық аудандарда және ауылдық округтерде құрылғандығын атап айтуға тиістімін. Сондай-ақ, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан аналар кеңесінің де қызметі бүгінде қалыптасып үлгерді деп айтуға болады.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың "Ғұмыр-Дария" газетіне берген сұхбатын оқи отырып, біз ұйым қызметінің бағыт-бағдарын қайтадан бір ой елегінен өткізгендей болдық. Алда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесі келе жатыр.Сұхбатта атап көрсетілгендей Тәуелсіздігіміздің нық тұрып, тұғырлы болуына ардагерлеріміздің қосқан үлесі атап айтуға тұрарлық. Біздің ардагерлеріміз барлық салада белсенді. Экономикада, әлеуметтік салада, мәдениет пен спортта, білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерінде ардагерлер үлгі-өнеге көрсете отырып, әлі де еңбек етуде, қоғамдық пайдалы жұмыстармен айналысуда, жастар тәрбиесінің қайнаған ортасынан табылуда.
Осы сұхбаттан Бердібек Мәшбекұлының жан-жақты, білімді, парасатты, рухани кемелділігі зор қайраткер екеніне тағы бір көз жеткізгендей болдық. Ол кісінің қазіргі қазақ баспасөзінің жай-күйі туралы айтқандары көңілге қонады. Оның үстіне біздің ардагерлердің төл басылымы – "Ғұмыр-Дария" газеті туралы айтқан жылы лебізіне марқайып қалдық.
"Ғұмыр-Дария" газетіне облыс басшысының берген сұхбаты ардагерлер ұйымының қызметіне үлкен серпін беретіні сөзсіз. Газет оқырмандарының әрқайсысының бұл сұхбатты оқып шыққандығына сеніміміз зор. Облыстық ардагерлер кеңесіне және редакцияға мақала туралы пікірлерін айтып жатқан оқырмандар да бар. Әлеуметтік желіде қолдау көрсетіп жатқандарды көріп отырмыз.
Олай болса, көрсетілген зор сенімге, қызметімізге берілген лайықты бағаға сай жұмысымызды алдағы уақытта да жандандыра беретін боламыз.
Еркінбек СОЛТЫБАЕВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)