Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Бейбітшілік пен келісім

Бейбітшілік пен келісім

20 март 2020, Пятница
167
0
Облыста ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған "Бейбітшілік пен келісім" деп аталатын жаңа жобаның тұжырымдамасы өткен аптада облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен мақұлданып, оны іске асыру бойынша жұмыс топтары құрылған болатын. Аталған маңызды жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс топтары Қордай ауданында болып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, әлеуметтік және ауыл шаруашылығы мәселелерін, діни проблемаларды, қауіпсіздіктің шетін жағдайларын зерделеді.  Нақтылап айтар болсақ, облыс әкімінің өкімімен құрылған ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, ауылда бизнесті дамыту, діни мәселелер, құқық қорғау саласымен айналысатын бес топтың құрамында облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен мамандары, құқық қорғау органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері, жекелеген департаменттер мен мекемелердің сарапшылары, облыстық мәслихаттың депутат-тары, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері және басқа да салалардың өкілдері бір апта бойы Қордай ауданының орталығында және ауылдық округтарда сараптау жұмыстарын жүргізді. Бұлардың қорытындысы бойынша арнайы ұсыным әзірленетін болады. 
Құрамында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев, облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі Шәріп Дәулетбаев бар ақпараттық-түсіндіру тобы халықтың қалың ортасында болып, күні кеше ғана Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғасына орай көпті бірлік пен татулыққа, шыдамдылыққа, ақылға шақырған елдің ақсақалдарымен, зиялы қауым өкілдерімен, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен, мамандарымен кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Қордай оқиғасы салдарларымен жұмыс істеу үшін елді ынтымақ-бірлікке үндеу мақсатында осындағы 5 ауылдың ақсақалдарынан құрылған қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесіп, пікір алмасты. Осы басқосуда қариялар тарапынан Көкқайнар ауылдық округі жағынан тағы бірнеше ауылдың ардагерлерін қамтитын осындай қоғамдық келісім кеңесі құрылса деген тілек айтылды.  
Ақпараттық-түсіндіру тобы Масаншыда және Сортөбе ауылында жұртшылық өкілдерімен, тұрғындармен кездесті. Қаракемер ауылында қоғамдық қабылдау өткізіп, соның қорытындысымен ауыл тұрғындарымен емен-жарқын пікір алмасты. 
Әлжан ана ауылында Қордай ауданындағы  бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, билер кеңесінің мүшелері жиналып, жастарға партиоттық тәрбие беру, оларды аға ұрпақ өкілдерінің даңқты жауынгерлік  және жасампаздық еңбек дәстүрі рухында тәрбиелеу мәселелері басты назарға қойылды. Осы жиында қадірменді қария Төле Сүгірбай жастарды тәрбиелеу ардагерлердің Алланың алдындағы міндеті екендігін екпін қоя айтса, еңбек ардагері Мергенбай Құттымбетов ардагерлер ұйымын жандандырудағы облыстық "Ғұмыр-Дария" газетінің өлшеусіз маңыздылығын және билік пен  Қазақстан халқы ассамблеясы тарапынан кемшіліктердің болғандығын, арда-герлер ұйымдарына билік тарапынан жанды қолдаудың керектігін атап көрсетті.  
Жиындардың барлығында ақсақалдар  бірауыздан:
–Болар іс болды, қар жауды, із басылды. Ендігі мақсат – елдің тыныштығы, береке-бірлігі. Осыны ұмытпауымыз керек,-деген қорытындыға келді. 
"Қариясы бар елдің – қазынасы бар" деген осы болар. Бата қонған елдің берекесі таймайтын шығар. 
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
ІСТІҢ АДАМЫ 25 октябрь 2024, Пятница
Әке аманаты 25 октябрь 2024, Пятница

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры