Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы естеліктер

Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы естеліктер

18 март 2020, Среда
186
0

Ұлтымыздың ұлы тұлғасы Дінмұхамед Қонаевтың көзі тірісінде ол кісінің ақ батасымен құрылған халықаралық Д.Қонаев қорының Жамбыл облыстық бөлімшесінің жұмыс істеп жатқанына 23 жылдан асыпты. Төңірегіне қоғам белсенділерін, зиялы қауымды, кезінде ұлы адамның көзін көрген ардагер ақсақалдарды топтастырып отырған қор бөлімшесі бүгінде қалалықтар мен қала қонақтарының қызыға бас сұғатын қара шаңырағына айналды. 

Өткен жылдың соңына қарай халықаралық Д.Қонаев қорының облыстық бөлімшесінде бірқатар өзгерістер болды. Бес жылдан аса қор бөлімшесінің төрағасы қызметін табысты атқарған Амангелді Карентаев өзінің өтініші бойынша елдің ризашылығымен жұмысын тапсырды. Қазан айында болған қордың жалпы жиналысында қор төрағасы болып облыстық мәслихаттың депутаты, танымал кәсіпкер, бұған дейін де қор бөлімшесінің жұмысына белсене қатысып жүрген Әлімбек Әсембекұлы Жұмабаев сайланды. Осы басқосуда қордың атқарушы директоры болып Қибат Асқарбеков тағайындалды және қор төрағасының орынбасарлығына Жаңабай Миллионов қайта бекітілді.

Жаңа құрам қор қызметіне жаңа леп алып келді. Облыстың зиялы қауым өкілдерін, ардагер ақсақалдарын жинап қордың атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттер талқыланды. Жаңа жылға қор бөлімшесінің жұмыс жоспары түзіліп, қор басқармасында талқыланып бекітілді. 

Жоғарыда айттым, облыстық бөлімшеге жастар, зиялы қауым өкілдері, қариялар көптеп келіп жатады. Осында қойылған Дінмұхамед Ахметұлының өмірі мен қоғамдық және мемлекеттік қызметіне байланысты құжаттармен, жеке фотосуреттермен танысады. Әсіресе, мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері жиі бас сұғады. Оларға шама шарқымыз келгенше ұлы адамның өмір жолы туралы қызғылықты мәліметтер айтуға тырысамыз. 

Соңғы үш айда бірталай игілікті істерге мұрындық болдық. Тәуелсіздік күніне байланысты облыстың жүзге тарта ардагерін, зиялы қауым өкілдерін, қор жанашырларын еліміздің бас мерекесімен қор атынан құттықтадық. Сондай-ақ, облыстық бөлімшенің жұмысына және қоғамдық істерге белсене араласып жүрген алты азамат халықаралық қор бөлімшесінің атынан Жамбыл облысының 80 жылдығына байланысты "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісіне ұсынылып, облыс әкімі атынан марапатталды. Қор белсенділері жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп жүрген еркін күрестен Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысты. Бұл жолғы байрақты бәсекеге 7 мемлекеттен 135 палуан қатысты. Бөлімше төрағасы Әлімбек Жұмабаев бұл жолы да Д.Қонаевтың әруағына арналған ас беріп, құран бағыштады. 

Кәсіпкер Талғат Бұршақбаевтың демеушілігімен қордың жұмысын кеңінен насихаттап жүрген облыстық "Ғұмыр-Дария" газетіне 10 кісіні тегін жаздырып бердік. 

Халықаралық Д.Қонаев қорының облыстық бөлімшесінің алда атқаратын жұмыстары айқындалды. Нақты жоспарымыз бар. Біздің басты міндетіміз ұлы тұлғаның өлмес мұрасын бүгінгі ұрпаққа түсінікті, ұғынықты етіп насихаттау болып табылады. Ол кісінің терең білімін, кең көлемдегі ойлау қабілетін, кісілігі мен кішілігін, биік адами қасиеттерін, инабаттылығы мен ізеттілігін, даналығы мен даралығын, алдағы күндерді болжай алатын кемеңгерлігін, жан тазалығы мен жүрегінің жомарттығын бүгінгі жастарға үлгі ретінде көрсете алсақ біздің мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.

Халықаралық қордың облыстық бөлімшесі алдағы уақытта өзінің қоғамдық қызметін осы бағытта жүргізетін болады. 

Жапар КҮЗДЕУБЕКОВ,

Халықаралық Д.Қонаев қоры

облыстық бөлімшесінің кеңесшісі  
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры