Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Қордайдағы жанжал: Дау мен Дақпырт

Қордайдағы жанжал: Дау мен Дақпырт

13 март 2020, Пятница
194
2

Қордайдағы жанжал: Дау мен Дақпырт

Жаман хабар жатпайды. Өткен жұманың кешкілігінде Қордай ауданының Масаншы және іршелес жатқан Қаракемер ауылдарында бұрқ ете қалған жанжалдың арты үлкен қасіретпен аяқталды. Жайсыз жаңалық туралы ақпарат бүкіл елді дүрліктірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына мәлімдеме жасап, көпті сабырға шақырды. Үкіметке тапсырма беріліп, арнайы комиссия жасақталып, сол күні бірден Қордай жеріне жетті. Күндіз-түні үш күн бойы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев басқарған комиссия мүшелері тынбай жұмыс атқарды. Жанжалдың ошағына айналған Қаракемер, Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Бұлар батыр ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, шекара бекет-терінде болды. Қырғыз жаққа үдере көтерілген дүнгендердің кері қайтуына жағдай жасады. Қираған үйлер мен нысандардың, автокөліктердің шығынын арнайы топ есептеді. Қақтығыс салдарынан 36 тұрғын-үй, 11 комерциялық нысан, 44 автокөлік өртенген, алдын ала есеп бойынша келтірілген залалдың көлемі 1,7 миллиард теңгені құрады. Көше бойындағы өртенген автокөліктерді, қоқыстарды тазалау, ретке келтіру жұмыстарына 30 техника құралы, 125 адам жұмылдырылды. Қасіреттің ауыры – 7 ақпан күні қақтығыс салдарынан 10 адамның қаза болып, 41 кісінің ауруханаға жатқызылғаны, 176 жаралының ауруханаға жүгінгендігі болды. Зардап шеккендерге 39 дәрігер көмек көрсетті, Үкімет комиссиясының мүшелері қайтыс болғандардың отбастарына көңіл айтып, жан-жақты қолдау көрсету шаралары ұйымдастырылды. 

8 ақпаннан бастап қайғылы оқиға орын алған Қордай ауданында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған облысымыздың қадірменді қариялары, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелері, қоғам қайраткері Жандар Кәрібаев, билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімов, Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Қаржау Бекболатов, Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, жанжал орын алған ауылдардың ардагерлер кеңестерінің төрағалары, ауданның белсенді қариялары тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
Ашуға мінген, көңіл-күй ауанына берілген көпшілік қауымның ақсақалдардың аталы, баталы сөздеріне тоқтамға келіп, түсіністік танытқанын атап айтуға болады. 

Орны толмас қайғылы оқиға орын алды, адам шығын болды, дүние-мүлік қирады. Ағын судың тасқынындай әлеуметтік желідегі желіккен әсірепатриоттар мен әсіреұлтшылдар отқа май тамызғандай елдің құлағын көтеріп бақты. Шынның қайсы екенін, желсөздің қайсы екендігін ел айыра алмай дал болды. Дақпырт дауды одан әрі өрістете түсер ме еді, егер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде тапсырма беріп, Үкіметтік комиссия шұғыл шаралар қолданбағанда. Осындай жағдайда облыс ардагерлерінің, жергілікті жерлерді ақсақалдардың әділ сөзі, шешімді пікірлері шиеленісті бәсеңдетуге, жанжалды тоқтатуға ықпал етті. Әрине, бұл оқиғаның түпкілікті бағасы беріле жатар. Бірақ біздің тағы бір рет көзіміз жеткеніндей осындай келеңсіздіктердің салдарымен күрескеннен гөрі, ондай оспадарлықтардың ел болып, билік болып, қоғам болып алдын-алғанымыз жөн болар еді деп ой түйеміз.
Обсудить

Похожие материалы:

Бейбітшілік пен келісім
20 март 2020, Пятница
Бейбітшілік пен келісім
Ұлы даланың өнер саңлақтары
20 март 2020, Пятница
Ұлы даланың өнер саңлақтары
Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
Добавить комментарий
Комментарии (2)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Woodrow
Woodrow Гости 23 октября 2024 00:47
Replica Sneakers for Men nb468 replica shoes,replica shoes kf358
Indira
Indira Гости 23 октября 2024 20:25
replica shoes up532 Replica Sneakers for Men,Replica Sneakers for women yr639
Сотрудники
Партнеры