Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Даңқ

20 март 2020, Пятница
161
0
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың арнайы тапсырмасы бойынша Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекесі қарсаңында "Ардагерлерді ұлықтайық" ақциясы аясында Тараз қаласында тұрып, өмір сүріп жатқан 34 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедегінің үйлерінің алдында апта бойы "Оңтүстік" әскери қолбасшылығының әскери үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен соғыс жылдарындағы әскери әндер ойналып, сарбаздар саппен шерулетіп майдангерлерге құрмет көрсетті. Облыстық ардагерлер кеңесінің және Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен және жекелеген облыстық мекемелердің демеушілік жасауымен әр майдангерге тағзым жасалып, құрмет көрсетілді. 
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әмедияқызы Әбдікешованың және бірқатар облыстық және Тараз қалалық ардагерлер кеңестері төралқа мүшелерінің қатысуымен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері 98 жастағы Мұсахан Бердібаевтың, 95 жастағы Бекасыл Белгібаевтың, Тілеуқабыл Төребековтің, 100 жасаған жауынгер Әшірбек Сәрсенбиевтің, 94 жастағы Владимир Васильевич Колесниченконың, 96 жастағы Галина Петровна Колесниченконың, 95 жастағы Анастасия Николаевна Передерееваның, 93 жастағы Анна Павловна Беляеваның, 99 жастағы Григорий Владиморович Нещеретневтің, 96-дағы Александр Алексеевич Карповтың, 94 жастағы Мүтәліп Ережепбаевтың, 97 жастағы Михаил Петрович Гладченконың, 99 жастағы Алексей Борисович Пащенконың, 96-дағы Әуесбек Бекболатовтың, 95 жастағы Ережепбай Жетібаевтың, 94 жастағы Виктор Васильевич Долгановтың, 93 жастағы Иван Федорович Макеевтің  отбасында болып, оларды жақындап келе жатқан Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, жылы сөздерін арнады, сый-сияпат жасады. 
Соғыс ардагерлерінің майдан даласындағы жанқиярлық ерліктері мен бейбіт өмірдегі жасампаздық еңбектеріне, жастарды аға ұрпақ өкілдерінің даңқты жауынгерлік және еңбек дәстүрлері рухында тәрбиелеудегі, олардың бойына ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді сіңірудегі айрықша еңбектеріне жоғары баға берілді. Жастар майдангерлерге гүл шоқтарын ұсынып, тағзым етті. Осы шараға демеушілік жасаған облыстық юстиция басқармасының, "Казфосфат" ЖШС-ның, Абай атындағы гуманитарлық колледждің, облыстық қазынашылық департаментінің өкілдері майдангерлерге ыстық лебіздерін жеткізді.
Ел-жұртының  өздеріне деген ыстық ықыласын зор ризашылықпен қабыл алған Ұлы Отан соғысының ардагерлері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қасиетті Әулиеата өңіріндегі жаңа қызметіне табыс тілеп, халқымызға береке-бірлік, өзара түсіністік, татулық пен келісім тіледі. 

Алдаберді МАҚАШЕВ, 
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі.
Суреттерді түсірген Төлепберген СЕЙТҚАДІРОВ
Обсудить

Похожие материалы:

Бейбітшілік пен келісім
20 март 2020, Пятница
Бейбітшілік пен келісім
Сұхбат
19 март 2020, Четверг
Сұхбат
Ауылымыз көркейіп келеді
13 март 2020, Пятница
Ауылымыз көркейіп келеді
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры