Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы
Ене – отбасының ақылшысы, келін – шаңырақтың берекесі. Екеуінің жарастығы – отбасы ынтымағының айнасы.
Өнегелі ене болу да, келісті келін атану да оңай шаруа емес. Бүгінгі және ертеңгі ұрпақ тәрбиешісі болып саналатын ене мен келіннің қай-қайсысы да үлгілі, ақылды болуға міндетті. Өйткені енелер есті, ұлғатты, ғибратты, келіндеріміз көргенді, ибалы, инабатты болса, ұлдарымыз намысты әрі қайсар болары анық.
Осы бағытта Халықаралық қарттар мерекесіне және Тараз қаласының күніне орай Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық ардагерлер кеңесі мен аналар алқасының ұйымдастыруымен өткізілген «Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы» атты отбасы байқауы үлкен белсенділікпен өтті.
Байқау өткен қалалық мәдениет үйінің іші-сырты мерекеге сай безендірілген. LED экранда байқаудың аты жазылған, сахна гүлмен безендірілген. Фойеда қол-өнер бұйымдарының көрмесі қойылған. Оқушылардан жасақталған домбыра оркестрі күйлерді нәшіне келтіріп ойнап тұрды.
Жүргізуші жарысқа қатысушы ене мен келіндерді сахна төріне шақырып, көпшілікке таныстырған соң байқаудың 5 кезеңнен тұратынын хабарлады.
Атап айтқанда «Ене – бәйтерек, келін – жапырақ» (таныстыру) деп аталатын бірінші бөлімде қатысушылардың өздерін таныстыруы әзіл түрінде, не айтыс түрінде өтеді. Келін мен ененің сөз саптауы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, ибасы мен инабаты, киген киімі сынға түсті.
Екінші кезең бойынша «Дәстүр сөйлейді» аталымында ұмытылған салт-дәстүрлер бойынша үміткерлер сынға түсті. Үшінші кезең «Дәстүріміз ұрпаққа аманат» деген тақырыпта өрбіді, онда отбасылық құндылықтарға сай салт-дәстүрге байланысты үй тапсырмасы бойынша (бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, құлақ тесу, беташар, келін шай) рәсімдері орындалды.
Төртінші кезеңде «Өнерлі елдің өрісі кең» тақырыбы бойынша үміткерлер өнерлерін ортаға салып, ән айтты, би биледі, суырып салма тапқырлығын, көркемсөз шеберлігін көрсетті.
«Қонақжайлылық – ата дәстүріміз» деп аталатын бесінші қорытынды бөлімде енелер мен келіндер ұлттық тағамдар жасаудан шеберлік сынына түсті. Келін енесі сүйсініп жейтін сүт, ет, өзге де ұлтық тағамдардың, дәннен жасалған астардың дайындалу тәсілін көрсетеді.
Сайысқа қатысқан 5 жұп ене мен келіннің барлығы да үлкен жауапкершілікпен, даярлықпен келгендіктерін паш етіп, көрермендердің ризашылығына бөленді.
Айтулы іс-шараға қатысқан Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев байқау жөнінде алған әсерімен бөлісті.
– Бүгінгі байқаудың бір ерекшелігі – ене мен келін институты ықылым замандардан ұрпақ сабақтастығы арқылы ғасырдан ғасырға жетіп отырған. Ене мен келін арасындағы дәстүрді жалғастыру мақсатында бір отбасындағы енелер мен келіндердің қарым-қатынасын үлгі ретінде көрсетіп отырған іс-шараға ризашылдығымды білдіремін. Осы ретте олар жарасымды отбасының беріктігін сақтауда, ұрпақ тәрбиесінде ененің рөлін көрсете білді. Жаңа өмірге қадам басқан келінге қолдау көрсету қажеттігі дәріптелді, залда отырған жастарға да зор тәрбиелік мәні болды, – деп сөзін қорытқан Еркінбек Бейсенбекұлы сайысты өткізуді ұйымдастырып отырған қалалық ардагерлер кеңесі мен аналар алқасына алғысын білдіре отырып, бақтарын сынап, баптарын шыңдап келген енелер мен келіндерге алдағы уақытта да сәттілік тіледі.
Педагогика ғылымдарының докторы, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы аналар алқасының төрайымы Жанат Сарыбекова бастаған әділқазылар алқасы жеке-жеке орындарды белгілемей, оның орына әрқайсысының көрсеткен өнерлеріне сәйкес аталымдар бойынша жеңімпаздарды жариялады.
Атап айтқанда, ене Айман Сүлейменова мен келіні Махаббат Әбдәлім «Заманауи ене – Зерек келін», Баршагүл Баялиева мен Гүлжайна Әлімбекова «Өнегелі ене – Өнерлі келін», Жазира Сейілханова мен Дана Мұхаметілда «Дана ене – Дара келін», Гүлбахрам Акилова мен Айдана Әмірбекова «Парасатты ене – Көргенді келін», Ұлбала Оразбаева мен Жанар Таласбаева «Мейірімді ене – Мейірбан келін» деген аталымдар бойынша жеңімпаз болып танылды.
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова және аналар алқасының төрайымы Жанат Сарыбекова байқауға қатысқан ене мен келіндердің әрқашанда ұрпақтарының қызығына кенеліп, жүздерінен шуақ шашып жүре берулеріне тілектестігін білдіріп, жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер
кеңесінің мүшесі.

Обсудить
Блок в статье:
Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы
30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші
30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші
30 сентябрь 2026, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)