Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ

ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ

18 апрель 2025, Пятница
12
0
«Отан отбасынан басталады» десек, ұрпақты бала кезінен отансүйгіштікке, отбасы құндылықтарын сақтауға үйретуде әжелердің орны ерекше. Еліміздің ертеңі, болашағы балаларымыз үшін «Адамзаттың анасы» атанған әжелер таптырмас байлық, құны жоқ ғибрат. Жамандық атаулыдан сақтайтын, бейне бір ақылдың кеніші саналатын әжелердің қашан да ұрпақ тәрбиесінде ойып алардай орны бар.Қазақтың қарты жасына лайық аузы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты,ақылы керегедей кең болып келеді. Осындай ұлағатты да мәнді сөздерімен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Тараз қалалық ардагерлер және аналар кеңестерінің Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Әжесі бар үйдің әлемі бөлек» атты әжелер сайысы үлкен белсенділікпен өтті.
Байқау өтетін қалалық мәдениет үйінің іші-сырты мерекеге сай безендірілген, LED экранда байқаудың аты жазылған, сахна гүлмен көмкерілген. Кіре берісте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған сурет көрмесі орналастырылған.
Байқаудың басты мақсаты – ұрпақ сабақтастығы арқылы ғасырдан-ғасырға жетіп отырған отбасылық тәрбиеде әжелердің орнын, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып,қазіргі жастарға текті халықтың ұрпағы екенімізді ұмыттырмау, бабалар салған дара жол – ата дәстүрімізді, салт санамызды, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, тарихымызды,тіліміз бен дінімізді насихаттау.
Байқауды жүргізуші жарысқа қатысушы әжелерді сахна төріне шақырып,көпшілікке таныстырған соң сайыстың 5 кезеңнен тұратындығын хабарлады.
Бірінші кезең –  «Асыл әжем,ақ  әжем, ақ жаулықты дана әжем» (таныстыру).
Екінші кезең – «Әжеммен өмір ажарлы» (әже немерелерімен өнер көрсетеді).
Үшінші кезең – «Ата мұра-асыл қазына» (әжелер қол өнерден,өз қолдарымен жасалған:тоқыма,құрақ,ою-өрнек, т.б. бұйымдарын көрсетеді.)
Төртінші кезең – «Әженің ақыл қоржыны» (қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері).
Бесінші кезең – «Қонақжайлық-ата дәстүріміз» үй тапсырмасы (қазақтың ұлттық тағамдары)
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев рухы биік, шығармашылық мүмкіндіктері мол, бүгінгі қазақтың болмысы, салт-дәстүрі, қол өнері бойынша сайысқа түскелі отырған әжелерге сәттілік тіледі.
Сайысқа қатысқан 5 әженің барлығы да үлкен жауапкершілікпен,даярлықпен келгендіктерін паш етіп,көрермендердің ризашылығына бөленді.
Қазақ апа-әжелеріміздің алтын қолдарынан келмейтін іс жоқ екен.Әжелер тек қана ән мен жырдан ғана шашу шашқан жоқ, қол өнерлерімен де бірінен бірі асып түсіп, көздің жауын алған кестелі орамалдарын, құрақ көрпелермен зермен көмкерілген мамық көпшіктерін, тоқыма киім-кешектерін, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер жайлы өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Сондықтан да педагогика ғылым-дарының докторы, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Жанат Сарыбекова бастаған әділқазылар алқасы жеке-жеке орындарды белгілемей, әжелердің әрқайсысының көрсеткен өнерлеріне сәйкес аталымдар бойынша жүлделер тапсыруды жөн деп шешті. 
Атап айтқанда, Ардақ Рысбаеваға көрермен көзайымына айналған «Сүйкімді әже» Дариха Бижановаға сыны  кетпеген, өнеге алатын «Инабатты әже», Айзада Иргебаеваға мейірімін төккен «Мейірімді әже», Галина Қойшыбаеваға бесік жырын жырлаған «Өнерлі әже», Ұлбосын Палжероваға үйретуден жалықпаған «Парасатты әже» деген аталымдар бойынша жүлделер тапсырылды.
Тартымды да тартысты өткен әжелер байқауын қорытындылаған Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова сайысқа қатысқан аяулы әжелердің әрқашанда ұрпақтарының қазығына кенеліп,жүздерінен шуақ шашып жүре берулеріне тілектестігін білдіріп,барлығына Тараз қаласы әкімінің Алғыс хаттарын табыстап, кілемдер тарту етті.
Асыл да ардақты әжелеріміздің осындай үлкен іс-шара өткізіп жатқанына сүйсінесің. Қаншама ұлағатты сөздер айтылып,өнердің сан қилы түрлері көрсетілді.Сондықтан да,жас ұрпаққа тек құлақ түріп тыңдау,көз ілмей таңданып қарау ғана қалады.

Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер
 кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ 18 апрель 2025, Пятница
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ 18 апрель 2025, Пятница
Кітап фестивалі 17 апрель 2025, Четверг

Похожие материалы:

ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
09 апрель 2025, Среда
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
09 апрель 2025, Среда
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
18 апрель 2025, Пятница
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
09 апрель 2025, Среда
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры