Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Дидар

31 май 2022, Вторник
114
0
Өнегелі ене болу да, келісті келін атану да оңай емес. Бүгінгі және ертеңгі ұрпақ тәрбиешісі боп саналатын ене мен келіннің қай-қайсысы да үлгілі, ақылды болуға міндетті. Өйткені, енелер есті, ұлағатты, ғибратты, келіндеріміз көргенді, ибалы, инабатты болса, ұлдарымыз намысты әрі қайсар, қыздарымыз көргенді болып өсері кәміл. Осы бағытта Ұлы Жеңістің 77 жылдығына және ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы аналар алқасының ұйымдастыруымен өткізілген «Есті ене мен көргенді келін» атты сайыс көрермендердің көңілінен шықты. 
Тартысты сайысты Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қысқаша сөйлеп ашты.
– Бүгінгі байқаудың мақсаты – ене мен келін арасындағы қалыптасқан әдемі  дәстүрді паш ету. Осы арқылы  олардың ұрпақ тәрбиесіндегі ролін көрсету. Жаңа өмірге қадам басқан келінге әрдайым қолдау қажет. Осы міндет енелерге жүктеледі,– деп сөзін түйіндеді Еркінбек Бейсенбекұлы, сайысты ұйымдастырып отырған қалалық аналар алқасына ризашылығын білдірді. 
Бәсеке басталар алдында ардагерлерден құрылған «Әулиеата» ансамблінің тамылжыта орындаған әндері көрермендерді бір серпілтті.
Бұдан кейін 6 жұптан жасақталған енелер мен келіндер алты кезеңнен тұратын сайысты бастап кетті.
Атап айтқанда:
1.Ене мен келіннің бір-бірін таныстыруы. Бұл бөлім ене мен келін бірін-бірі таныстыруы әзіл түрінде, не айтыс түрінде өрбіді. Келін мен ененің сөз саптауы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, ибасы мен инабаты, киген киімі сынға түсті.
2. «Білгенге маржан». Сұрақ-жауап түрінде өтті. Отбасылық құндылықтарды, тұрмыстық салттарды паш етті.
3. «Әйел – үйдің қазығы». Ене мен келіннің түсінік-танымы көрсетілді, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты бейнебаяндар ұсынылды. 
4. «Ата мұра – асыл қазына». Ене мен келіннің қолөнері мен ісмерлігі, тоқыма, құрақ, ою-өрнек, әшекей бұйымдарын жасауы бейнебаян арқылы сынға түсті.
5. «Өнерлі өрге жүзеді». Өнерлерін ортаға салу, ән айтып, би билеу, суырыпсалма тапқырлығы, көркемсөз  оқу шеберлігі талқыға салынды.
6. «Қонақжайлылық – ата дәстүріміз». Үй тапсырмасы. Ұлттық тағамдар. Әр отбасының сүйсініп жейтін тағамы, оның дайындау тәртібі түсіндірілді.
Сайысқа қатысушылардың барлығы да үлкен дайындықпен, асқан шеберлікпен келгендігін көрермендерге паш етті. Әділ қазылар алқысының ұйғарымымен ене мен келін Айжан Әбдешова – Диана Тәжібаева бірінші орынды иеленді. Екінші орынға 2 жұп көтерілді. Олар – ене мен келіндер: Сандуғаш Үсенова – Таңшолпан Сағындықова және Құралай Махатова – Назерке Мақұлбекқызы. Ал, сайысқа қатысушы 3 жұп ене мен келін: Мейрамкүл Исмаилова – Әйгерім Байыс, Эльмира Базарбекова – Меруерт Садуақасова және Гүлмира Қарабаева – Айдана Турбаш үшінші орындарды қанағат тұтты.
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешева және аналар алқасының төрайымы Жанат Сарыбекова сайыстың жабылу салтанатында осы шараның өткізілуіне арнайы атсалысып, демеушілік көрсеткен «Елу жылда – ел жаңа» қоғамдық бірлестігі және білім қызметкерлерінің Тараз қалалық кәсіподақ ұйымының атынан жүлдегерлерді арнайы Дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер 
кеңесінің мүшесі.

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Дидар
05 май 2022, Четверг
Дидар
спорт
29 апрель 2022, Пятница
спорт
Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры