спорт
Ақсақалдар - ұлағат мектебі, ардагерлер – асыл қазынамыз. Олардың әрбір тағылымды ісі жастарға үлгі-өнеге болып келеді. Қоғамда қандай шара болмасын жасы үлкендердің ақылымен, бағытымен жүзеге асырылуда. Сергектікті серік еткен қариялардың қарымы қайта қоймапты. Соның айқын дәлелі ретінде Ұлы Жеңістің 77 жылдығына және ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына арналып Тараз қаласының ардагерлері арасында ұйымдастырылған қалалық спартакиаданы айтуға болады.
Байрақты бәсеке басталмай тұрып 50-ден астам ардагер скандинавиялық таяқшамен Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябағын желе жүріп өтті.
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен өткізілген спартакиаданы Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев салтанатты жағдайда құттықтау сөз сөйлеп ашты және спортшы ардагерлерге сәттілік тіледі. Сөз кезегін алған Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бәсекенің сәтті өтуіне өз тілегін білдірді. Байрақты жарыс басталар алдында спортшыларға және жанкүйерлерге арнап ардагерлерден құрылған «Асыл аналар», «Марычка», «Әулиеата» ансамбльдері әннен шашу шашты. Бұдан кейін жарыс көрігі кыза түсіп, оған қатысушы ардагерлер спорттың сегіз түрінен сынға түсті.
Жеке - жеке спорт түрлері бойынша, шахматтан ерлер арасынан Айтқазы Баймурзин – бірінші, Телбай Садықов екінші, Әділхан Раймбаев – үшінші, әйелдер арасында Ханымкүл Бесімбай – бірінші, Татьяна Семенякина – екінші орынды иеленді. Тоғызқұмалақтан ерлер арасынан Асан Үсенбаев, Есенгелді Қазыбеков, Тұрар Жапаров, әйелдер арасынан Құрманкүл Садықова, Қазына Дуанбекова, дойбыдан ерлер арасынан Сансызбай Ахмет, Аманжол Аманбаев, Пансат Ертаев, әйелдер арасынан Якул Шуақ, Нұржамал Пралиева, Рабиға Ертайқызы, бильярдтан Әлімжан Ерниязов, Аманқұл Исқақов, Бауыржан Найманбаев, асық атудан Алдаберді Меңлібайұлы, Барат Мыңбосынов, Таймас Сағынтаев, үстел теннисінен ерлер арасынан Шахтыбай Байғанов, Тұрар Жапаров, Ли Артур Владимирович, әйелдер арасынан Преданова Вера Александровна, Ем Флора Сынеровна сынды ардагерлер жүлдегерлер қатарында көрінді. Ал, дартсан ерлер арасынан ұпай сандары бірдей болған Аманжол Аманбаев пен Малтабар Жаманбаев бірінші орынды өзара бөліссе, әйелдер арасынан Наталья Синенко жеңімпаз атанды.
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова және орынбасары Малтабар Жаманбаев спартакиаданың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлделі орын алған ардагерлерді арнайы медальдармен, дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Өте тартысты әрі қызықты өткен спорт бәсекесінде щымыр да сергек қариялар шын мәнінде аға ұрпақ өкілдерінің қолынан көп нәрсе келетінін тағы да бір рет дәлелдеді.
Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)