Майдангерлерге - бір миллион теңге

Облыс басшысы Тілеуқабыл Төребековке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құттықтау хатын және 1 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Ол кісінің үшінші дәрежелі "Даңқ", екінші дәрежелі "Отан соғысы", "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" орден-дерімен және бірнеше медальдармен марапатталғандығын атап өте келе, тұғыры биік тұлғаның өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып қала беретіндігін тілге тиек етті.
Облыстық ардагерлер кеңесіне 20 жыл бойы үздіксіз жетекшілік еткен ел қариясы Тілеуқабыл Төребековті сәл бұрынырақ облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған бір топ өкшелес інілері 95 жасқа толуымен құттықтап шыққан болатын. Е.Солтыбаев облыс ардагерлер қозғалысын қалыптастыру мен дамытуға өлшеусіз үлес қосқан Т.Төребековке "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің және облыстық ардагерлер кеңесінің Құттықтау хатын табыс етіп, ол кісіге зор денсаулық, ұрпағына бірлік-береке тіледі.
Тілеуқабыл Төребекұлы өз кезегінде зор құрмет көрсеткен облыс әкіміне және облыстық ардагерлер кеңесіне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Обсудить
Блок в статье:
«Тәрбиелі жастар – қоғам тірегі»
15 февраль 2025, Суббота
Ұлы Жеңіске тағзым
13 февраль 2025, Четверг
АУДАНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
12 февраль 2025, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)