Ер есімі - ел есінде
...Фашистердің қанқұйлы әрекеті 1941 жылы 22 маусымда бейбіт жатқан елімізге тұтқиылдан шабуыл жасаудан басталып, бұл алапат соғыс 1418 күнге созылды. Фашистерге қарсы таластықтар да қолына қару алып, шайқасқа шықты. Әскери комиссариатқа алғашқы күннен-ақ майданға өтініш берушілер көбейген. Әскер қатарына шақырылғандар тез арада соғыс тәсілін меңгеру курстарынан өткізілді. Олардың қолдарына оқулық емес, қару-жарақ ұстатып, оқ атқызып, шыңдалғандарын майдан шебіне жіберіп жататын. 1942 жылдың ақпан айының қақаған суығына қарамастан Жамбыл қаласында құрылған 105-ші ұлттық атты әскер құрамына 271-ші полктің пулеметшілер бөлімінің саяси жетекшісінің орынбасарлығына таластық Ерғара Тәжімбетов, командирлігіне капитан Хайдаров деген азамат тағайындалды. Аталмыш полк шілде айының басында шұғыл әскери техникалармен вагондарға тиеліп, Горький қаласы маңындағы Гороховец ну орманына жеткізіліп, әскери лагерь құрылды. Осы жерде жау танкісіне қарсы артиллерия құрамасы жасақталып, полк командирі Г.Лаптевтің қарамағына көшті де, қазан айында Сталинградты қорғап жатқан Оңтүстік Батыс майданының құрамында соғысқа кірді. Кеңес әскерлері Чир, Дон өзендері жағалауында немістерге қарсы қиян-кескі ұрыстар жүргізді. Ұрыста ерлік көрсеткен бір топ жауынгерлер сапында Ерғара Тәжімбетов те «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталды.
Ақкөл ауылынан қан майданға аттанып, жаумен шайқаста жеңісті жақындатқан Қалибай Ақшекеев, Досым Батырбаев, Жақсылық Бекбергенов, Тәжібек Ерубаев, Қуантай Бекбергенов, Әбітай Қаратаев, Елубай Қожабергенов, Сәт Қойшыбаев, Тұрар Қуанышбеков, Қонысбай Назарбеков, Күзенбай Нұралиев, Кеңкөз Нұрмаханов, Сәскебай Рысбаев, Әкпар Тұраров, Қалдыбай Малқараев, Төленді Науанов, Әбуәлі Күлембаев, тағы көптеген майдангерлер қатарында үш бірдей «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған Ерғара Тәжімбетовтің жөні бөлек. Ерекең алғашқы «Жұлдызына» Дон жеріндегі Красная Гусаревка үшін шайқаста қол жеткізген болатын. Бұл қанды шайқас бірнеше күнге созылып, төртінші күні Кеңес әскерлері үлкен қуатты күшпен шабуылға шықты. Алдымен зеңбіректерден жау шебіне дүркін-дүркін оқ атылып, самолеттер аспаннан соққы жасап, жаудың ең мықты деген бекіністерінің күлін көкке ұшырды. Осы ұрыста дұшпанның автоматшыларына оқ жаудырып жатқан сәттердің бірінде окоп маңына жақын түскен жау снарядынан жарақат алып, дереу әскери госпитальге жөнелтілген Ерғара мидың шайқалысына қарамай, жаумен шайқасқа қайта түседі. Солтүстік Дон өзенінің оң жағалауын фашистерден түгелдей азат етуге қатысады, сөйтіп екінші мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденін көкірегіне тағады. Ал, 1945 жылы Гдыня әскери-теңіз базасын фашистерден азат еткенде үшінші «Қызыл Жұлдыз» орденін кеудесіне қадайды. Ер-аға майданды немістердің Штральзунд қаласында аяқтап, Жеңіс мейрамын тойлады.
Ұлы Отан соғысына қатысқан таластықтар сапынан Сәду Шәкіров, Амантай Дәулетбеков сынды қос бірдей Кеңес Одағының Батыры шықты. Әрі Р.Сұлтанбеков, Т.Мақашов, С.Бертаев сынды әскери командирлерімізді мақтан тұтамыз.
Біз, әңгімеге арқау еткен Ерғара Тәжімбетов соғыстан кейінгі жылдары әртүрлі салада абыройлы еңбек етті. Ғибраты мол ғұмырын, білімін еліне арнаған Ерағаның ерлік істері бейбіт күнде де жалғасын тапқаны бар. 1985 жылы Жамбыл облыстық атқару комитеті соғыс ардагері Ерғара Тәжімбетовке қаладан екі бөлмелі пәтердің кілтін ұсынғанда көп ойланбастан ол кілтті ұзақ жыл пәтерге қол жеткізе алмай жүрген көпбалалы жанұяға табыс етуінің өзі ерлік емес пе. Ерғара ағаның еселі еңбегі өкімет тарапынан ескерусіз қалған емес. Ол «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Батырлардың кіндігінен тараған ұл-қыздарының барлығы жақсы тәлім-тәрбие алды. Бүгінде олар еліміздің саналуан саласында еңбек етіп жүргенін мақтанышпен айтуға болады.
Ерғара ағаның еңбегін дұрыс бағалаған жерлестері бір көшеге есімін берген болатын. Әрі Қаратау қаласындағы Д.Қонаев атындағы мектептің бір сыныбы ағасы, республикаға танымал азамат, іскер басшы болған Әнуарбек Тәжімбетовтің есімімен аталуы бұл отбасының Талас өңірінде алатын орнын көрсетіп-ақ тұр. Отбасы мүшелері жылда Ұлы Жеңіс мерекесі күні бастары қосылып, әке өсиеттерін, оның соғыс және бейбіт күндегі естеліктерін еске алып отыруды дәстүрге айналдырған.
Сәбен ҚОЙШЫБАЙ
Ақкөл ауылы.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)