Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

12 май 2025, Понедельник
53
0
Табиғатты аялау – ұрпаққа аманат. Осы ұстанымды берік ұстанған мойынқұмдықтар кезекті рет экологиялық тәрбиенің үлгісін көрсетті. Аудан орталығындағы жасыл желекті көбейту мақсатында ұйымдастырылған ағаш отырғызу шарасына ауданның тыл еңбеккерлері, ауыл әкімдігі мен қоғам белсенділері белсене қатысты.
Игі бастаманың басында ауданның қадірменді қариялары – тыл ардагерлері Орынбасар Отыншиев пен Жақсылықбай Бекболтаев болды. Олар жас талдардың көшеттін отырғызып қана қоймай, жиналған жұртқа жүрекжарды лебіздерін білдіріп, өскелең ұрпаққа табиғатты аялау, туған жерге жанашырлықпен қарау туралы өсиет айтты.
Шараға арнайы қатысқан Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұл бастаған ұжым және қоғам белсенділері де бұл бастамадан шет қалмады. Олар ағаш отырғызып, суғару және күтім жұмыстарын да бірлесе жүргізіп, ауыл көркін көркейтуге өз үлестерін қосты.
Бұл шара тек экологиялық маңызымен ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын көрсететін өнегелі ісімен де ерекше болды. Жасыл ағаш – бейбіт өмірдің, тазалық пен тұтастықтың нышаны. Ардагерлердің еткен еңбегі мен ақ батасы – кейінгі буынға жол көрсететін шамшырақ.
Мұндай акциялар ауданда дәстүрге айналып келеді. Қоғам белсенділері мен еріктілердің қатысуы – жергілікті тұрғындардың туған өлке тағдырына бейжай қарамайтынының айғағы. Табиғатты көркейту – әр азаматтың парызы екенін осындай игі шаралар дәлелдеп отыр.
Бұл бастама тек ағаш отырғызу емес, бірлік пен жауапкершіліктің көрінісі. Жасыл желек – ертеңгі күннің аманаты!

Дастан АМАНҚҰЛОВ, 

Мойынқұм аудандық медиа орталығының 

бөлім басшысы.
Обсудить
Блок в статье:
ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ 12 май 2025, Понедельник
Мерекеге орай құрмет көрсетілді 12 май 2025, Понедельник

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры