ҰРПАҒЫ ОҢҒАРБАЙ АТАНЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Жиынға Қоралас руының ұрпақтары, ел ағалары, ауыл тұрғындары мен арнайы келген қонақтар қатысты. Кесене басындағы рухани шара барысында елге белгілі азаматтар – Мұқатай Алыпбаев, Мұқанбетқұл Сабыров, Шахикерім Исабеков, апа Орынкүл Төлеубаева және Алтын Қасабекова баба тарихы, ұрпақ тәрбиесі және ұлттық руханият төңірегінде өнегелі әңгімелер айтып, жастарға ғибратты ой тастады.

Шараның жалғасы Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде орналасқан Coworking орталығында өтті. Мұнда жерлесіміз, шығыстанушы, мәмлүктер тарихын зерттеуші, арабтанушы Қайрат Сәкидің «Қылышбай ақын» атты кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. Шығарманың жарық көруі – тек ақын шығармашылығына деген құрмет қана емес, елдің рухани өміріне қосылған елеулі үлес болды. Тұсаукесер барысында ақынның шығармаларына шолу жасалып, оның елдік, бірлік, әділеттілік жайлы ойлары атап өтілді.

Шара аясындағы тағылымды басқосу «Бақ сарайы» мейрамханасында берілген асқа ұласты. Ас беру рәсімінен кейін ұлттық спорт мерекесіне айналған атшабардағы тай бәйгесі мен көкпар ойыны өтті. Көкпар ҚР бойынша бекітілген барлық ережелерді сақтай отырып ұйымдастырылды. Бұл ауқымды шараны Мұқатай ақсақалдың ақ батасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнінің орындалуы ашты. Көкпар бәсекесінде ұлттық салт-дәстүрдің рухы ерекше сезіліп, салым қоры 1,5 миллион теңгеден асты.

Бұл күн – Оңғарбай атаның ұрпақтары үшін ғана емес, күллі Қоралас жұрты үшін үлкен рухани жаңғыруға толы сәт болды. Атаның есімін ардақтап, ұрпаққа өнеге ету жолындағы мұндай шаралар – бабалар аманатына деген адалдықтың жарқын көрінісі.

Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,
Мойынқұм ауданы
Обсудить
Блок в статье:
Құланнан ұшқан қыран
30 июнь 2025, Понедельник
Батамен басталған істің берекесі болады
30 июнь 2025, Понедельник
сын қайда, шын қайда?
30 июнь 2025, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)