Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Мерейтой

08 декабрь 2021, Среда
119
0
Ақын ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым ету рәсімінен басталған "Ұлы дала ақыны" атты халықаралық конференцияға Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, елімізден және Қырғыз Республикасынан белгілі жазушы, ғалымдар, жамбылтанушылар, депутаттар мен ақын ұрпақтары, барлығы 150-ге жуық адам қатысты. 
Қазақстан Репсубликасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев шараның маңыздылығын баса айтты. 
– Жамбылдың өнегелі өмірі мен өнері – туған халқын шексіз сүюдің, оған қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін айшықтайды. 
"Жамбыл – менің жәй атым, Халық – менің шын атым" деп жырлаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі қазақпен бірге мәңгі жасай береді. Ұлы ақын әрдайым жұртының жанынан табылып, қамын жеді. Ел басына күн туған сәтте жалынды сөзімен халықтың рухын көтеріп, жігерін жаныды.Қос ғасырда ғұмыр кешіп, талай аумалы-төкпелі заманның куәсі болған абыз бабамыз ешқашан адамдықтың асқақ биігінен төмендемеген. Қоқан бектерінің де, патшалық Ресейдің де, Кеңес өкіметінің де екпінінен ықпай, әрдайым қалың қазақтың сөзін сөйлеуі Жамбылдың тек ақын емес, азамат ретіндегі тау тұлғасын аңғартады. Дала данагөйінің дара жолы елдік мүддеге қызмет етіп жүрген әрбір адамға үлгі-өнеге, – деді Д. Абаев. 
Конференцияда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ұлы тұлғаның 175 жылдық мерейтойына орай атқарылып жатқан ауқымды шараларға жан-жақты тоқталды. 
–Елімізде ақын атымен аталатын бір ғана облыс бар. Ол – Жамбыл облысы. Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың есімін еншілеген өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, рухани-мәдени саласында да оң өзгерістер, атқарылып жатқан ауқымды шаруалар аз емес. Жамбыл облысында ақын есімі берілген 1 аудан, 3 ауылдық округ, 3 елдімекен, 1 даңғыл мен 83 көше, 10 мектеп және 1 кітапхана бар. Сондай-ақ, өңірде тұлғаның құрметіне барлығы 8 ескерткіш орнатылған. Жыл бойы ұлы ақынға арналып 784 іс-шара өтті. Мұның бәрі ақын есімін кейінгі ұрпаққа лайықты түрде танытып, оның рухани өміршең мұрасын кеңінен насихаттау жолында атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана,-деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар келген ұлы жыраудың мерейтойына орай ұйымдастырылған тағылымды шараларға тоқталды. 
Филология ғылымдарының докторы, академик, жамбылтанушы Қалижан Уалихан, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет ғасыр жасаған абыз ақынның шығармашылық қуаты, шетелдік әдебиет майталмандарының жоғары бағасы туралы тілге тиек етті.
– Біз – батыры да, ақыны да бар елміз. Біздің қазақтың мықтылығы сонда. Әлемдегі ең биік таудың бірі Алатау болса, әлемдегі ең ұлы ақындардың бірі – Жамбыл Жабаев. Ғаламшардың аспанын Алатау қалай биіктетсе, адамзаттың аспанын Жамбыл ақын солай биіктеткен. Біз Жамбылдың заңғар мұзтауын әлі терең зерттеп болған жоқпыз деп есептеймін. Жамбыл жырлары кезінде әлемнің 160 тіліне аударылып, жарық көрген,-деді Ұлықбек Есдәулет. 
Сондай-ақ, қоғам қайраткерлері, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп пен Мәжіліс депутаттары Бекболат Тілеухан, Мейрамбек Төлепберген,  жазушы Жұмабай Шаштайұлы, жазушы-драматург Елен Әлімжан, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, Ж.Жабаевтың шөбересі Мұратхан Жамбылов өз кезегінде тұлғаның қазақ әдебиетіне қосқан орасан үлесі, айтыскерлігі мен кемеңгерлігі туралы тебірене сөз қозғады. Қырғызстаннан келген Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының жетекші ғылыми қызметкері Келдібек Қойлыбаев пен ақын, «Манасшылар» театрының директоры Азиз Бимырза екі елдің әдеби-мәдени байланысындағы Жамбыл Жабаевтың рөлін айрықша атап өтті.
Осы жолы "Жамбыл жырау" атты кітаптың тұсауы кесілді. Оған Қырғыз Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы мен кітапханасының архивтерінен табылған, бұған дейін баспа бетін көрмеген, ғылыми айналымға түспеген Жамбылдың қырғыз ақындарымен айтыстары, арнау өлеңдері, көрші ел ғалымдарының тұлға жайындағы зерттеулері топтастырылған. 

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Театр
27 октябрь 2021, Среда
Театр
Құттықтаймыз
08 декабрь 2021, Среда
Құттықтаймыз
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры