Театр
Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туылғанына 175 жыл. Жыл басынан бері ақын мерейтойына орай көптеген іс-шара өткені белгілі. Өткен аптада облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры ақын драматург Иран-Ғайыптың " Жамбылдың қызыл жолбарысы" премьерасын көпшілік назарына ұсынды. Қойылымды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көпшілікпен бірге тамашалады.
Ерекше атап өтер жайт белгілі ақын, драматург Иран Ғайыптың (Иранбек Оразбаевтың) жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай жазылған бұл туындысы тұңғыш рет Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық театрында сахналанды. Драманың қоюшы-режиссері – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, талантты режиссер Қуандық Қасымов. Қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмағұлов.
Оқиға желісі әйгілі Сүйінбай мен Жамбылды қорғаған «Тұран қызыл жолбарысы» туралы аңыздың негізінде өрбіген. Ел аузында жүрген аңыз бойынша жыр алыбы Жамбыл топты ортаға түсіп жырлағанда, «Қызыл жолбарысы» жанына келіп жантайған сәтте, ақынның көкірек көзі ашыла түседі екен.
Қойылым Жамбылдың бозбалалық шағынан басталады. Әкесі Жапа (рольде артист Абу Шоңбаев) баласы Жамбылдың оқуын тастап, ақындық жолға түсуіне қарсылық танытады. Дүмше молданың ұрып-соққан қорлығына шыдай алмаған жас Жамбыл «дүмшеден дәріс емес, дүре алғанша, қолыма домбыра алып, жыр айтайын» деп термелейді. Жас Жамбыл 13 жасынан бастап-ақ ақындыққа аңсары ауып, өлеңнен өрнек тоқи бастаған. Бірде дүмше молданың зәбірінен қатты ашынған ақын үйге әкесінің үстіне кіріп келіп:
«Батаңды маған бер, әке,
Тіліме менің ер, әке.
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті – дер,әке!» – деп батыл тұрып өлеңдете бата сұрайды. Молданың алдын тастап кеткен баласының бағытын құптай қоймаған әкесінің «Екейде елу бақсы, сексен ақын» деген сөз де жетер, Сен сексен бірінші болмай-ақ қой. Ақынның түбі – қайыршылық, бақсының түбі – жын. Жын, бақсы болып ел кезгенше, мал бақ» деп теріс бұрылып кеткендігі де шынайы көрініс тапқан. Ол уақытта Жамбыл он жеті-он сегіз жаста болатын. Осылайша, ақындығымен елге танылып, ауыл-ауылды аралап жүрген Жамбыл өзі барған ауылдардың бірінде Бұрым есімді сұлуды (рольде актриса Нұрай Қаражанова) кездестіреді. Жас ақын мен Бұрым қыз бір-бірін сүйіп қалады. Бірақ, бойжеткен сол кездегі салт-дәстүр бойынша басқа жігітке айттырылып қойған болып шығады. Ақыры, ауыл ақсақалдары мен билердің қаһарына іліккен екі жастың махаббаты сәтсіз аяқталады. Бұл көріністе Сарыбай бидің ролін белгілі актер, ҚР Мәдениет қайраткері Жүніс Әлімбеков, Бұрым қыздың соңынан қуып келген топтың басқарушысы Қуғын шал образын белгілі актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбиірбек Тінәлі сомдады. Осы қаһарлы топтың шешімімен, әрі қазақы салт-дәстүрден аттап кете алмаған Бұрым өзін жастай атастырып қойған жеріне тұрмысқа шығуға мәжбүр болады.
Қойылымда Жамбылдың жігіт ағасы болған шағын белгілі талантты актер Кенен Ақүрпеков сомдады. Қойылымның орта тұсында жігіт ағасы болған шақтағы Жамбылдың атағын шығарып, елге танытқан бірнеше айтыстары сәтті көрініс тапқан. Актер Кенен Ақүрпеков Жамбыл Жабаевтың осы айтыстарын бар өнерін салып, келістіре суреттегенін айту абзал. Сол айтыстардың бірі – Жамбылдың Айкүміспен айтысы шынайы сәтті шыққан. Бұл айтыс жастық сезім, өзара сыйластық пен құрмет, жарасым тақырыптары шеңберінде болады. (Қойылымда Айкүміс ақын ролін актриса Индира Мұстафаева сомдады).
Премьерада Жамбыл мен Құлмамбет айтысы мейлінше тартысты суреттеледі. (Құлмамбет ролін актер Абзал Дәулетбақов сомдады). Құлмамбет өз айтысында өзінің шыққан тегі мен рулық ерекшеліктерін мақтаудан, басқаларды даттап, кемсітуден аса алмайды. Ал, Жамбыл өз айтысында халық басындағы мұң-мұқтаж, арман-тілекті айтып, рулық мақсат-мүддеден гөрі жалпыхалықтық, адамшылдық қасиеттерді жоғары қояды. Жамбылдың «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт..!» деген әйгілі жыр жолдары осы айтыста айтылғанына көрермен қауым да куә болды. Әсіресе, Жамбылдың домбыраны шебер ойнап, елді баурап алуы нанымды шыққан. Бұл орайда Жамбылға Сүйінбай ақын берген батаның да маңызы зор дер едік.
Жалпы айтқанда, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ұлы ақынның шығармашылық жолы мен өмір соқпақтарындағы айтулы оқиғаларды көрсетіп, насихаттау мақсатында дайындалған қойылым аса сәтті шыққандығын айтқан ләзім.
Қойылым соңында сахнаға облыс әкімінің ықылас гүлі алдырылып, көпшілік актерлерге тік тұрып қол соғып, құрмет көрсетті.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ,
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ».

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)