Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Таразым қандай тамаша!

Таразым қандай тамаша!

26 октябрь 2021, Вторник
194
0
Өткен апта тұтастай қала күні қарсаңында өткізілген мәдени-көпшілік шаралармен есте қалды. Жұмада қала күні мерекесінде дүниеге келген сәбилердің ата-аналары марапатталды, спорттың 5 түрі бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада болып өтті, Асқар Топқанов атындағы облыстық қазақ драма театрында "Айболит пен қарақшы" спектаклінің көрсетілімі болды, "Көне Тараз" тарихи-этномәдени кешенінде "Туған жерім – дархан далам" көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылып, қолөнер шеберлерінің, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, спорттық ойындар ойналды. Сенбі-жексенбі күндері "Grand Bazaar" сауда орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде жастардың "Beauty" әсемдік  конкурсы, Баласағұн орталық концерт залында "Сүйікті қалам – Тараз" мәдени-бұқаралық шара және "Көне Тараз" тарихи-этномәдени кешеніндегі көрме орталығында "ASPARA FASHION WEEK" халықаралық сән апталығының VIII маусымының қорытынды көрсетілімі болып өтті. Бірқатар шараларға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, сөз сөйледі. 
Қ.Рысқұлбеков саябағында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Тараз қаласы күні мерекесіне орай Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен  «Ұмыт болған оюлар» құрақшылар әлемі фестивалі  өтті. Төл қол өнерімізді дамыту, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға өңіріміздің әр ауданынан, ауылынан отызға жуық ісмерлер қатысып, өз қолдарымен құраған қазақы бұйымдарын таныстырды. Фестиваль аясында екі күн бойы семинарлар, тігін және қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтары өтіп, тігу технологиясы  кеңінен көрсетілді. Бұл байқаудың жоғары деңгейде өтуіне қолөнер шебері Анар Бексұлтанова үлкен үлес қосты. 
Тәлімі мол болған байқауды көруге жиналған қалың жұрттың барлығының да өтіп жатқан шара туралы пікірлері көңіл қуантады. 
– Байқаудан көздің жауын алар небір әдемі оюлармен өрнектелген қолөнер бұйымдарын тамашалап ерекше әсерде тұрмыз. Жастарға рухани тәрбие берерліктей осындай тәлімі мол  шараны ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Мұндай жобалар көптеп  қолға алынып, жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілегім бар, - дейді қала тұрғыны Галина Әлмаханова. 
Байқау қатысушыларының қолөнер бұйымдарынан «шыңжыра», «бұғымүйіз», «сырмақ», «аманат», «сарымүйіз»  сынды көп қолданылмай кеткен ұмыт болған оюларды кездестіруге болады.
Қолөнермен өмір бойы айналысып келемін. Бала кезімнен көрпе тігемін. Екі жыл қатарынан өткен «Құрақ көрпе fest» байқауына қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп,  тігін машинасын жеңіп алғанмын. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Алғыс хатымен марапатталдым. Биыл міне «Ұмыт болған оюлар» байқауында бағымды сынап көрдім. Мен өзім тоқыған сырмақты әкеліп отырмын. Қазір ешкім сырмақ сырмайды, көп пайдаланбайды. Бірақ, осы ұлттық бұйымымыз да ұмыт болмауы тиіс. Мұндай іс-шаралардың ұрпақ тәрбиесінде алар орны зор деп есептеймін. Осы орайда Тараз қаласының әкімдігіне, ұйымдастырушыларға, әсіресе Анар ханымға  айтар алғысым үлкен,- дейді байқауға қатысушы Төлебала Сүңгібаева. 
Фестивальдің марапаттау рәсіміне Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қатысып, қолөнершілердің жұмыстарын көзімен көріп, оң бағалады.  
– Құрақ, қазақы ою – қазақ дәстүрінің сарқылмас қазынасы. Ұлттық өнердің осынау түрін дамытуға атсалысып жүрген қыз-келіншектердің еңбегі мақтауға, мадақтауға, насихаттауға лайық. Күннің суығына қарамастан осынау игі бастамаға ұйытқы болған нәзік жанды аруларымызға, апа-әжелерімізге, қарындастарымызға ризашылығымды білдіремін. Осындай дәстүрді әрмен қарай да жалғастыра берейік!»,-дей келе Ержан Жұматұлы бірқатар қолөнер шеберлерін марапаттады. Атап айтқанда тараздық Анар Бексұлтанова «Шеберлік» аталымымен, Алтыншаш Саниязқызы  «Қазына», Төлебала Күзембекқызы  «Өнерім – өмірім», Бекзат Үсенқызы  «Ұлттық мәдени бренд», Жазира Қыдырәліқызы «Бағалы байлық» аталымдары бойынша шеберліктері аталып өтті. Фестивальдің модераторы Анар Бексұлтанова іс-шараға қатысушы қолөнер шеберлеріне алғысын білдіріп, бірқатар ісмерлерге ынталандыру сыйлығын тапсырды.
Байқаудың соңы мерекелік концертке ұласты. 

Ақтоты ЖАҢАБАЙ,
"Ғұмыр-Дария"

Обсудить

Похожие материалы:

Әкімі ардагерін ардақтаған
12 апрель 2021, Понедельник
Әкімі ардагерін ардақтаған
Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
Тұсаукесер
29 сентябрь 2021, Среда
Тұсаукесер
Тарихи-мәдени мұра
08 июль 2021, Четверг
Тарихи-мәдени мұра
Сұхбат
19 март 2020, Четверг
Сұхбат
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры