Тарихи-мәдени мұра
Ежелден ел мен жердің тарихы аңызбен астарлас, тарихпен тамырлас. Көкейінен көне заман күмбірі төгілетін, зердесінде заманалардың жұмбақ үні қалыптасқан тарихи тұлғалар мен олардың ісін жалғастырушылардың өнегесі мол. Ал, абыз дала аңыз шертіп, уақыт өткен сайын жас ұрпақты ұлағатқа қандырып, көңілді мейірім шуағына бөлейді. Тасының түбінен тамшылаған тағылым, топырағынан бұрқыраған тарих, қатпарынан қылаң беретін қасиет ұлт көшінің желісі үзілмеген ұлы сапары іспетті.
Талас топырағында шежіремен өріліп, аңызбен көмкерілген көрнекті тарихи орындар көп. Мәселен, Боз деген бидің тағдырына қатысты Бозтұмсық, өзге де тарихи аңыздарды қамтитын Жалбы, Ақкесене, Жиделібұлақ – байтақ даламыздың дегдарлығын көрсететін көрікті жерлер. Ал, Тәңірқазған, Бөріқазған тарихи жер атаулары алып даланың ақиқатын сипаттайтын, шындығын шежірелейтін киелі мекендер болып есептеледі. Тарихшылардың пайымдауынша, Бөріқазған төменгі палеолиттің шелль кезеңінің соңғы дәуірінен сақталған қоныс мекені екен. Аталған тарихи орын Талас ауданының орталығы Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай отыз сегіз шақырым қашықтықта жатыр. Бұл жерден екі жағы бірдей өңделген шапқылар, жұмыр құралдар, үш қырлы өткір құралдар және үшкір пышақтар көптеп табылған.
Аңыз бойынша ерте заманда Талас жерін-де бірнеше жыл қатарынан құрғақшылық болады. Су іздеген жұрт бұл қуаңшылықтан шығар амал таба алмай қиналады. Сонда бір бөрі елдің алдына шығып жүріп отырыпты. Ел де бөрінің соңынан үлкен үмітпен ере берген. Сол бөрі шөліркеген елді бастап келіп, даланың төсін тырналайды. Сонда бөрінің қазған жерінен су шығып, бүкіл халық аман қалған екен. Бұл жер содан бері Бөріқазған деп аталып кеткен дейді. Бөріқазған алқабы Талас топырағының ортасында. Бүгінде киіз үйдің орнындай ғана болып үйілген топырақ болмаса, бұл жерде басқа белгі жоқ. Тек халық санасында Бөріқазған деген атпен қалған дала қойнауындағы қасиетті жер тамырына тылсым жасырған күйі жатыр.
Осы Талас топырағында Бөріқазған жері мен Тәңірқазған тұрағы қатар аталады. Әлгі айтылған аңыз да бір-біріне жалғас дүние. Күндердің күнінде Бөріқазғанның суы тартылады. Халықтың қайғы-қасіреті қайта үдей түседі. Арада шамалы уақыт өткенде су іздеген халық жапан далада тағы бір жердің өзінен өзі қазылып, суға толып тұрғанын көреді. Бұл судың дәмі де тәтті екен. Кейіннен әлгі жер Тәңірқазған аталып кеткен екен. Шын мәнінде де бұл нағыз Тәңірдің сыйы ғой.
Тәңірқазған – тарихшылардың пайым-дауынша, палеолит тұрағы. Бұл жерден табылған барлық тас бұйымдар жалпақ төбешіктен жинастырылған. Тіпті, халық арасында Тәңірқазған тұрағына ежелгі аңшылар келіп қоныстанған деген де пікірлер бар. Әйтеуір, қазақ даласындағы қай қиырдың болмасын өзіндік тарихы мен тағдыры қалыптасқан. Топырақтың тылсымына үңіліп, тарихын түгесіп біту мүмкін емес. Тек дала қойнауындағы тарихи тұрақтар есте жоқ ескі замандардың өзінде де бұл мекенде өмірдің болғанын, адамзаттың мекендегенін және олардың да өздеріне тән мәдениеті мен тіршілігі болғанын айғақтайды...
Зульфия БАЛТАБАЕВА,
«Ежелгі Тараз ескерткіштері»
тарихи-мәдени қорық-музейінінің экскурсоводы.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)