Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Тарихтан тәбәрік

Тарихтан тәбәрік

12 ноябрь 2020, Четверг
131
0
Тарих беттерін парақтай қарасаңыз, қазақ даласының қай жерінде де ата-бабаларымыздың өзге жұртпен терезесі тең деңгейде өмір сүргенін айғақтайтын дәлелдер жеткілікті. Өткенге көз жіберіп, «Біздің ұлтымыздың тарихта алатын орны  қандай?» деген сауалға жауап іздейтін болсақ, ауыз толтырып айтарлық қаншама құнды қазынамыздың бар екеніне көзі жетеді.  
Ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыстарға аса мән беретін болған. Олар ыдысты көбіне ағаштан, мал терісінен, металдан және саз балшықтан жасаған. Қолөнер-ерте заманнан бері атадан балаға мұра болып келе жатқан кәсіп. Ол түрлі ұлт өкілдерінің тұрмысында күні бүгінге дейін сақталып келе жатыр.  Ұлт тұрмысында кеңінен қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдар, ыдыс-аяқ түрлері сан ғасырлар сынынан өтіп, сомдалған қолөнердің озық үлгілері болып есептеледі. 
Тараз қаласында 2011-2017 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған өте құнды жәдігердің бірі – орта ғасырға жататын, қыштан жасалған, сусын құюға арналған мұстахара.
Бұл тарихи мұраларға зерттеу жұмыстарын жүргізген археологтар Ж.Смайылов, М. Елеуов, К.Байпақов,Т.Сениговалардың еңбектерін айта кеткен жөн. Көшпенділік өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс-аяқтары алғашқыда тек теріден, ағаштан жасалған, себебі азық салуға және сақтауға, сұйықтық құюға  сынбайтын ыдыс қажет болды.
Ертеректе түркі халықтары,  соның ішінде қазақ халқы да, көшіп жүргенге, аттың үстінде ер тоқымына, беліндегі белдігіне қайыстан жасалған баумен байлап жүргенге ыңғайлы етіп ыдыс бұйымдарының бір бетін тегіс қылып жасаған.
Мұстахара – торсықтың бір түрі. Қызыл сазбалшықпен жасалып, ақ ангобпен жабылған. Көпшіліктің көзіне ерекшелігімен түседі, киіз үй пішінді болып келеді. Отбасылық құндылықтың  символы ретінде шаңырақ бейнеленген. Ою- өрнектермен безендірілген, сол кездің өзінде әр шебердің өзіндік таңбалары болған. Төбесіндегі ою-өрнекке назар аударсаңыздар, толқынның бейнесін көресіздер, яғни бұл ыдыс сусын құюуға арналған, кішкене ауызы , екі тұтқасы бар.
Қыш бұйымдарды жасаудың технологиялық тәсілдері шикізатты таңдап-іріктеуден, қыш қамырын дайындаудан, қалыптаудан, бетін өңдеп, содан кейін оны күйдіруден тұрады. Шикізатты таңдап-іріктеу үшін сүйек және тас құралдар пайдаланылған. Қыш-құмыра шикізаттарын даярлау үшін келсап пен ірі қара малдың жауырындары, сондай-ақ, уатқыштар қолданылған. Қыш құмыраның құрамына қоспалармен бірге (темір, тас, пирит, слюда, әк) сазбалшық, құм, органика (құстың саңғырығы, көң) кіреді. Сазды көбіне минерал текті созылмайтын материалдарды бекіту үшін пайдаланған. Дамыған қыш өндірісінде саз ең негізгі шикізат есебінде. Атап айтар болсақ, Сырдария мен Арал маңы аймақтары, Орталық Азиямен шекаралас жерлерде мықтап дамыған. Мұны осы аумақтағы қала қазындыларынан табылған ыдыс-аяқтан бастап, құрылыс материалдарының алуан түрлілігі айғақтайды.
Шеберлер бұйымдарды қалыптау кезінде ыдыстардың түбін басып-жаныштау үшін көлемі әртүрлі жұмыр тастарды пайдаланды. Ал, ыдысты жасайтын құрал ретінде тұғырықта айналып тұратын үстелше, яғни — айналмалы қондырғыны қолданды. Ыдыстардың қабырғаларын тегістеу үшін жұмыр тастар, ағаш пышақтар пайдаланылды. Ал, қышты тұрмыста қолданылатын аузы кең пештерде, сондай-ақ, балқыту пештерінің түтін шығаратын мұржаларында күйдірген. Лаулаған отқа да күйдірген кездері болды.
Мәселен, біздің заманымызға дейін VII—V ғасырлардағы Сырдарияның төменгі жағын мекендеген тайпалардың ыдыстарынан тостақтар мен тостағандарды, шыны ыдыстарды, құмыраларды, саптаяқтарды, имек тұмсықты ыдыстарды бөліп атауға болады.

Зульфия БАЛТАБАЕВА,
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» 
тарихи-мәдени қорық-музейінінің қызметкері
Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Тарихтан тәбәрік
29 июль 2020, Среда
Тарихтан тәбәрік
Жазылым – 2020
27 май 2020, Среда
Жазылым – 2020
Бесіктен безгеніміз бе?
19 март 2020, Четверг
Бесіктен безгеніміз бе?
Қарттар жазған хаттар
12 ноябрь 2020, Четверг
Қарттар жазған хаттар
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры