Жаңа төраға сайланды

Жаңаталап ауылдық окуругіне қарасты Ұйым ауылында ардагерлер ұйымының төрағасы лауазымы біраздан бері бос тұрған еді. Жақында ауыл ардагерлері жиналып, өздерінің төрағаларын сайлап алды.
Жиынды Жаңаталап ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбек Пернебаев жүргізіп отырды.
Күн тәртібіне қойылған ұйымдастыру мәселесі бойынша алғаш сөз алған ауыл ақсақалы Сайлаубек Қабылбеков ұйым төрағалығына Тұрар Мұсаев деген белсенді азаматты ұсынды. Ал, билер кеңесінің төрағалығына Амангелді Ябеков лайық деп есептейтінін мәлім етті.
Жиынға қатысқан ауыл ақақалдары Сайлаубек Қабылбековтің ұсынысымен тегіс келісті. Дауыс беру нәтижесінде Тұрар Мұсаев ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалығына, Амангелді Ябеков ауылдық билер кеңесінің төрағалығына сайланды.
Ұйым ауылы ардагерлер ұйымының жиналысына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов қатысып сөз сөйледі. Ол ауыл ақсақалдарының елдің бірлігі мен тірлігі бағытында атқаруға тиісті жұмыстары жеткілікті екендігін тілге тиек ете келе жаңа төрағаның қоғамдық қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ жиналыста аудандық билер кеңесінің төрағасы Жандарбек Қалмырза сөз сөйледі.
Диханбай АҚДІЛДА,
Сарысу аудандық ардагерлер кеңесі
төрағасының орынбасары
Обсудить
Блок в статье:
МОМЫШҰЛЫ ӘЛЕМІ-- Б.МОМЫНҚҰЛ- 70 ЖАС.
28 май 2025, Среда
Жақсы бата – жарты бақыт
28 май 2025, Среда
Жақсы бата – жарты бақыт
28 май 2025, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)