Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Жетітөбе ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымында

Жетітөбе ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымында

22 август 2024, Четверг
84
0

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымында 216 ардагерлер есепте тұрады. 
Жиналысқа аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ш.Жұмашев, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Ералиев А.Ә. аудандық билер кеңесінің төрағасы Рахметов М. ауыл әкімінің орынбасары Сүлейменов Б. және ауыл ардагерлері , барлығы - 26 адам.  қатысты.                 
Күн тәртібінде:
1.    Ардагерлер кеңесі төрағасының 2022-2024 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі. 
2.    Ардагерлер кеңесінің жаңа құрамын сайлау.

Бірінші мәселе бойынша Жетітөбе ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш. Қожаназаров   баяндама жасады.

Шығып сөйлегендер: 
1.    Сатаев Р.  - зейнеткер, атқарылған жұмыстарға рахмет айтып, жақсы деген баға берді . Қоғамдық қауымдастықтың жұмысы ойдағыдай атқарылмайды, ауылда почта мүлдем жоқ, газет уақтылы таратылмайды деді.
2. Тәжиев Н. Жалғыз басты зейнеткер, шипажайға барып келдім, рахметін білдірді. Учасковый полиция ауылда тұрмайды, анда-  санда бір келеді.
3. Үсібалиев Б. - зейнеткер, ауыл әкімшілігінің ғимараты ескі, тар, мамандар сыйыспайды.

4.Қорытынды сөзді аудандық ардагерлер кеңесініңтөрағасы С.Ш.Жұмашев  есеп беру кезеңінде атқарылған жұмыстарға баға беріп, қойылған сурақтарға толық жауап берді.


Бастауыш ардагерлер ұйымының жұмысын қанағаттандырарлық деп бектілді.
Екінші мәселе бойынша ардагерлердің төралқа  мүшесі  6 адамнан сайланды. Көпшілік дауыспен жаңа кеңестің мүшесіне сайланғандар: 
1.Қожаназаров Шарқанбек - төраға. 
2.    Исақов Әшірхан-  ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары. 
3.    Қорғанбаева Айгүл - ардагерлер кеңесінің хатшысы
4.    Сушина Гүлмира- төралқа мүшесі, мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы
5.    Байтұқов Тұрар- төралқа мүшесі, тұрғын үй, тұрмыстық – әлеуметтік мәселелер, спорттық ойындар бойынша жұмысты ұйымдастырушы. 
6.    Ибраев Әбдібек - төралқа мүшесі, ардагерлерге медициналық көмек көрсету жұмысын ұйымдастырушы. 

Ардагерлер кеңесінің бірінші отырысында барлық ардагерлердың қатысуымен ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Ш. Қожаназаров 
 сайланды.
Жиналыс соңында 4 ардагер аудандық ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен марапатталды.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

ШАҚПАҚАТА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ
22 август 2024, Четверг
ШАҚПАҚАТА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ
Жиналыс
19 август 2024, Понедельник
Жиналыс
ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫС
20 август 2024, Вторник
ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫС
Қариялар жиыны жалғасуда
20 август 2024, Вторник
Қариялар жиыны жалғасуда
Есеп беру
19 август 2024, Понедельник
Есеп беру
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры