Жазылым – 2020
Тасқа басылған дүние – ғұмырлы. Ол – нағыз тарих. Ол – өте құнды. Бұл жерде мен мерзімдік басылымдар туралы айтып отырмын. Әрине, радио мен теледидар секілді электрондық ақпарат құралдарының жеделдігінде дау жоқ. Бірақ, мерзімдік басылымның бәсі жоғары. Адамдарды рухани азықтандыруда, білімдерін тереңдетуде, тіпті, сауаттылықты қалыптастыруда газет-журналдардың рөлі ерекше. Оған кешегі аға ұрпақ өкілдері куә, бүгінгі жас ұрпақ та жоққа шығармайтынына кәмілмін.
Қазір интернет деген пайда болды. Интернеттен іздегенің табылатыны рас. Тіпті, кітап та оқуға болады. Жаңалықтар да сонда. Бірақ, жартыкеш жаңалықтар, көркемдік нәрі жоқ жарияланымдар рухани қанағаттандыра алмайды.
Білім де, тәлім-тәрбие де, ұлағат пен өсиет те, қайталап айтамын, ұлттық құндылықтар да, толыққанды ақпарат та мерзімдік басылымдарда. Одан оқығандарың жадыңда сақталуы оңай. Ұнатқан мақаланы қайталап оқуға мүмкіндігің бар. Ұмытқан жаңалықты, есте қалмаған мәліметтерлі қайталап қарап шығуыңа да болады. Мерзімдік басылымдардың осындай басымдықтары бар екенін естен шығар-мағанымыз жөн.
Баспасөз – ақпарат көзі ғана емес, ол – ақылшың, көмекшің. Оның ұйымдастырушылық міндетті де атқаратындығын естен шығармауымыз керек, Қазір салалық басылымдар да көп, ол басылымдар сол сала мамандарының нағыз көмекшісі.
Ал, өңірлік басылымдар – ауданның, облыстың, республиканың айнасы. Оған ешкім таласа қоймас.
Осы ретте облыстық «Ғұмыр-Дария» газеті оқырмандардың іздеп жүріп оқитын басылымына айналды бүгінде. Онда жасқа да, жасамысқа да үлгі-өнеге боларлық, тәрбиелік жағынан құнды мақалалар жиі жарияланып жатады.
«Ғұмыр-Дарияны» ардагерлер басылымы деп қана білетіндер бар. Дұрыс емес, ол жалпыға ортақ. Әсіресе, жастар үшін қажет басылым.
Рас, онда ардагерлер ұйымдарының жұмыстары, аға буын өкілдерінің өмірлері туралы мақалалар жиі жарияланып жатады. Түсінген кісіге олардың өмір жолдары, өнегелі істері нағыз тәрбие мектебі емес пе?! Осыны жастар санасына жеткізе білу керек. Ол үшін жас оқырмандарды тартуды қолға алған абзал. Мұның ең тиімді жолы – өңірдегі барлық жоғары, орта-арнаулы оқу орындары, мектептер «Ғұмыр-Дарияны» жаздырып алып, кітапханаларында тігіндісін жасап қойса жетіп жатыр. Тәрбие – талбесіктен, жоғарыда аталған оқу орындары – білімнің бесігі екенінде ешкімнің дауы жоқ.
«Ғұмыр-Дария» өзімнің сүйікті газетім. Басқалар да солай ойласа ғой.
Болатбек ҚАЙЫПБЕКҰЛЫ,
ардагер-ұстаз, "Ғұмыр-Дарияның"
белсенді авторы әрі тұрақты оқырманы.
Жуалы ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Азаттық пен еңсесі биік елдіктің айшықты мерекесі
01 ноябрь 2024, Пятница
Адамгершілігі бар адам –арлы адам
25 октябрь 2024, Пятница
ІСТІҢ АДАМЫ
25 октябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)