Аудандық кеңес отырысы өтті
Өзі зордың болады ығы да зор.»
Абай Құнанбаев
Отырысқа Солтыбаев Еркінбек Бейсембекұлы - облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Миллионов Жанабай - облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық журналистер одағының төрағасы, «Ғұмыр Дария» облыстық газетінің бас редакторы, аудан әкімінің орынбасары Сүгірбай Дамира Маратқызы, аудандық мәслихат төрағасы Садыков Нурдин Есенгельдіұлы, «AMANAT» партиясының төрағасы Жамангозов Бейқұт Тілепалдыұлы, төралқа мүшелері, ауылдық округ бойынша төрағалар, Билер, Әкелер, Аналар кеңестерінің төрағалары мен төрайымдары, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты. 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Аудан ардагерлер ұйымдарының «Заң және тәртіп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы» аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбет Біржан Әбдікерімұлы баяндама жасады. Баяндаманы талқылау жарыссөзге: Семжанов Әділбай Ақынтайұлы – Аухатты ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы және Малиев Рамазан Омарович - Масанчи ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы. 

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауы мен Бурабайда өткен ІV Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттердің орындалу барысы кеңінен талқыланды. Қатысушылар ІV Ұлттық Құрылтайда айтылған елдік мәселелерге тоқталып, ардагерлер ұйымдарының осы бағыттар бойынша атқарып жатқан істерін баяндады. Атап айтқанда, жастармен кездесулер, патриоттық тәрбие беру, ауылішілік мәселелерді шешудегі қоғамдық бақылау тетіктері сөз болды. 

Екінші мәселе бойынша «Облыстық «Ғұмыр Дария» газетіне II-жартыжылдыққа жазылым барысы туралы» облыстық «Ғұмыр Дария» газетінің бас редакторы Миллионов Жаңабай мәлімет берді.
Кеңес отырысында қорытынды сөзбен Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркінбек Бейсембекұлы, аудан әкімінің орынбасары Сүгірбай Дамира Маратқызы, аудандық мәслихат төрағасы Садыков Нурдин Есенгельдіұлы сөйледі.
Ардагерлердің көтерген сұрақ-жауаптары бойынша, толықтай мәлеметтер берілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.
Qasymhan Estemesuly Tólendiev
Обсудить
Блок в статье:
“Ашық қоғамдық диалог”
20 май 2025, Вторник
Ғұмыр жолы ғибратқа толы
20 май 2025, Вторник
«Әулиеата жауһарлары» атты тарихи-танымдық экспедициясы
20 май 2025, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)