МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
Өткен аптада Меркі аудандық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс пленумы болып, онда ұйымдастыру мәселесі қаралды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және аудан әкімі Жорабек Баубеков қатысқан пленумда 20 жылдан аса аудан ардагерлер ұйымына жетекшілік жасаған Қамбарбек Иманалиев ақсақал аудандық ардагерлер кеңесінің бірнеше буынымен жемісті қоғамдық қызмет жасағанын айта келіп, жасының ұлғаюына байланысты атқарып жүрген қоғамдық қызметінен босатуды сұрап өтініш берді. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері төрағасының өтінішін қанағаттандырды.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев және аудан әкімі Ж.Баубеков Қамбарбек Иманалиевке ұзақ жылғы жемісті қоғамдық қызметі үшін өз ризашылықтарын білдірді.
Аудандық ардагерлер кеңесінің пленумында бұған дейін аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген Байсейіт Жылысбаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып бірауыздан сайланды.

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
“Ашық қоғамдық диалог”
20 май 2025, Вторник
Ғұмыр жолы ғибратқа толы
20 май 2025, Вторник
«Әулиеата жауһарлары» атты тарихи-танымдық экспедициясы
20 май 2025, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)