Қоғам
5 маусымда болатын референдумды қолдау жөнінде құрылған Жамбыл облыстық қоғамдық штабының мүшелері бұл күндері Тараз қаласында және аудандарда белсенділікпен ақпараттық жұмыстар жүргізуде. Қоғамдық штабтың құрамында облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері айрықша белсенділік танытуда. Мәселен, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев, төралқа мүшелері Ә. Жолшыбеков, Б.Қарашолақов Тараз қаласында, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ш.Дәулетбаев Жамбыл ауданында, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі С.Досымбеков Жуалы ауданында, облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі Ж.Миллионов Қордай ауданында, облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі А.Төлебаев Т.Рысқұлов ауданында, облыстық ардагерлер кеңесі тұрақты комиссиясының төрағасы Д.Ермеков Сарысу ауданында бірнеше кездесулер өткізіп, сайлаушылармен кездесті.
Облыстық қоғамдық штабтық мүшесі, облыстық "Ғұмыр-Дария" газетінің директоры-бас редакторы Жаңабай Миллионов бастаған топ Қордай ауданында екі рет болып қайтты. Алғашқы сапарында аудандық мәдениет үйінде көп адам қатысқан аудан активінің жиналысында топ мүшелері Ж.Миллионов, "Талдау" әлеуметтік зерттеу орталығының директоры Бақыт Әлмұратов, "Әулиеатамедиа" ЖШС бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен айтып берді. Актив жиналысына қатысқан аудандық мәслихаттың депутаттары, зиялы қауым өкілдері және ел ардагерлері өздерінің пікірлерін білдіріп, алда болатын референдумға халықтың біркісідей қатысатындықтарын айтты. Мұндай кездесулер Жамбыл ауылында, Қордай ауылдық округінде және аудандық "Қордай шамшырағы" газетінің редакциясында өз жалғасын тапты. Емен-жарқын әңгіме Степное ауылының орталық көшесінде одан әрі өрбіді. Көше тұрғындарымен болған әңгіме сұрақ-жауап түрінде өтті.
Облыстық қоғамдық штаб мүшелері келесі сапарында аудан орталығында спорт саласының қызметкерлерімен, Өтеген ауылының тұрғындарымен, Масаншы ауылында №50 орта мектептің ұстаздарымен кездесіп, өзгерістермен қабылданатын Конституция жөнінде ой өрбітті. Келесі кезекте Масаншы ауылындағы жылыжайда көкөніс өсірушілермен жүздесті.
Ал, облыстық ардагерлер кеңесі тұрақты комиссияның төрағасы, ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д.Ермеков Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында, Игілік ауылдық округінде, Досбол ауылында болып сайлаушылармен бірқатар кездесулер өткізді.
Өзгерістерге бастар үлкен жұмыстың қалың ортасында ардагерлер ұйымының белсенділерінің болуы заңды. Өйткені өмір көрген, өткені өнеге үлкендеріміздің айтары бар.
"Ғұмыр-Дария"–Ақпарат.

Обсудить
Блок в статье:
Азаттық пен еңсесі биік елдіктің айшықты мерекесі
01 ноябрь 2024, Пятница
Адамгершілігі бар адам –арлы адам
25 октябрь 2024, Пятница
ІСТІҢ АДАМЫ
25 октябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (1)