Қазақстан ардагерлерінің кезектен тыс съезі
Өткен аптаның қасиетті жұмасында күні Нұр-Сұлтан қаласында "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс ІX съезі болып өтті. Съезді "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамедов қысқаша сөз сөйлеп ашты.
Ардагерлер құрылтайында Қазақстан Республикасы Президентінің Конституцияға ұсынылатын түзетулерді референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығару туралы Жарлығынан туындайтын міндеттер жайында орталық кеңес төрағасы Б.Ізмұхамедов баяндама жасады.
Сондай-ақ, кезектен тыс съезде "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Жарғысына, республикалық қоғамдық бірлестіктің филиалдары – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, аудандық, қалалық ұйымдардың, сондай-ақ бастауыш ұйымдардың, тексеру комиссияларының Ережелеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы мәселелер қаралып, пысықталды.
Республика ардагерлерінің съезінде "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында филиалдарын құру және бекіту туралы мәселе талқыланды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс ІX съезіне Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының мәжіліс залында онлайн режимде съезд делегаттары Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова, Жамбыл, Қордай, Меркі аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары Бақыт Сырлыбаев, Біржан Әлімбет, Қамбарбек Иманәлиев қатысып отырды.
Съезд аяқталғаннан кейін жиынға қатысушылармен Е.Солтыбаев съезд шешімдерінен туындайтын міндеттерді орындау жөнінде әңгімелесті.

Обсудить
Блок в статье:
Азаттық пен еңсесі биік елдіктің айшықты мерекесі
01 ноябрь 2024, Пятница
Адамгершілігі бар адам –арлы адам
25 октябрь 2024, Пятница
ІСТІҢ АДАМЫ
25 октябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (7)