Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Парасат

10 июнь 2021, Четверг
224
2
Бәріміз де өзімізді ұлтжанды, отаншыл санайтынымыз сөзсіз. Бірақ, оны іс жүзінде көрсету оңай емес. Ал, Өмірзақ аға – өзінің ондай қасиеттерін іс жүзінде дәлелдеген адам. Мәскеуде Бүкілодақтық педагогикалық ғылымдар академиясының аспирантурасын бітіргеннен кейін кандидаттық диссертациясын «Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан» тақырыбында қорғаған оның отаншылдығы мен мемлекетшілдігі таңдаған бағытынан аңғарылып тұрғандай. Халқымыз осы еңбек арқылы Мемлекеттік Думада ұлтымыздың мүддесін қорғаған біртуар ұлдарымыздың есімдерін білді. Ақтаңдақтар ақиқаты әлі толық ашыла қоймаған тұста бұл өте құнды еңбек болды. Оған академик Зәки Ахметовтің «ұлттық тарихи-өлкетану ғылымын зерттеудің іргелі кезеңі» деп баға беруі бекер емес. Кейін осы тақырыпты терең қаузап, докторлық диссертация қорғады. 
Кеңестік кезеңде пионер, комсомол, партия ұйымдары сатылай отырып адамдардың саяси белсенділігін қалыптастырған ғой. Өмірзақтың өміріне де осы ұйымдардың қатысы бар. 
Оның өмірге келгеніне 13 күн болғанда неміс фашизмі елімізге опасыздықпен шабуыл жасап, әкесі Озғанбай  алғашқылардың қатарында Отан қорғауға аттанған. Содан оралмады. Елде шаруаға мығымдылығымен, сауаттылығымен ерекшеленген Озғанбай Шопанұлы майданда ерлікпен қаза тапты. 
Анасы Ақажан жалғыз ұлын елден кем қылмай өсірді. Соғыс аяқталғанымен елдің тұрмысы түзеле қоймаған кез. Қазақстанның Форт-Шевченкосында  мектеп табалдырығын аттаған Өмірзақ орта білім туралы аттестатты Түркіменстанның Красноводскісінде алған. 
Жалғызы үшін «қолын көсеу, шашын сыпырғы» етуден тайынбаған анасының жүзін төмен қаратпау үшін баласы да аянып қалған жоқ. Кадр тапшы кезең, мектепті жақсы бітірген оқушылар педагогикалық қызметтерге тартылған. Өмірзақ еңбекке қамтудың осы жолымен мектепте пионер жетекшісі болды. Содан жарты ғасырдай осы саланың «нанын жеді». Тегін емес, білім мен ғылымның «отымен кіріп, күлімен шығып», салаға  өлшеусіз ерен еңбек сіңірді. Ал, саусағыңызды бүгіп санай беріңіз, аға пионер жетекшісі, мұғалім, мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің инспекторы, бастығы, облыстық «Білім» қоғамы төрағасының орынбасары, Маңғыстау облыстық педагог кадрларын даярлау, кәсіптік оқыту басқармасы өңірлік институтының директоры, Қазақ КСР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық оқыту орталығының директоры, Маңғыстау облыстық  білім департаментінің басшысы, Ы.Алтынсарин атындағы білім беру академиясының президенті, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық академиясының профессоры. 
Осы қызметтің бәрінде де ол жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге, Қазақстанның педагогикасын, тарих ғылымдарын дамытуға бар қажыр-қайратын жұмсады, үлкен үлес қосты. Қол жеткізген жетістіктері де жоғары. Талмай ізденудің арқасында тарих ғылымдарының докторы, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атақтарын, Халықаралық педагогика академиясының, Ресей педагогика академиясының академигі атақтарын иеленді. Профессор лауазымы да бар.
Білім мен ғылымның осындай ірі тұлғасының саладағы еңбегі елеусіз емес. Педагог Өмірзақ Озғанбаев – 1970 жылы В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай КСРО-ның «Ерен еңбегі үшін», мұғалімдер үшін жоғары марапат «Ы.Алтынсарин», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медальдары мен «Қазақстан білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері. 
Өмірзақ Озғанбаев – қоғам қайраткері.  Ол екі рет елдік деңгейде халық қалаулысы болды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің XIII-інші, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші шақырылымдарының депутаттығына сайланды. Сенатор Ө.Озғанбаев Парламент Сенатында Өңірлік даму және өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы қызметінде аймақтарды дамытуға, ел тәуелсіздігін нығайтуға, реформаларды тереңдетуге, өңірлік өзін-өзі басқару саясатын қалыптастыруға, экологиялық және көші-қон мәселелерін шешуде ауқымды жұмыстар атқарып, ерекше белсенділік танытты. Депутат Өмірзақ Озғанбаевтың сол кездің өзінде-ақ өзін-өзі басқару саясатын қалыптастыруда барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау жөніндегі ұсынысы түптің түбінде өміршеңдігін көрсетті. Мемлекет басшысы жуырда ауыл әкімдерін тікелей сайлау жөніндегі  Заңға қол қойды. Айта берсек, сенатордың Парламент отырысында жасаған және әріптестерінен қолдау тапқан басқа да ұсыныстары аз емес.  
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін шамалы уақыт «ҚазМұнайГаз барлау-өндіру» басқармасы мен «Рауан МедиаГруп» акционерлік қоғамы бас директорының кеңесшісі болған Өмірзақ ағаның 2007 жылдан кейінгі бар өмірі ардагерлер ұйымымен тікелей байланысты. Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесін 6 жыл басқарған ол одан кейінгі жылдары "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі" орталық кеңесінің төрағалығын абыроймен атқарды. Қазір төрағаның бірінші орынбасары қызметінде де белсенділік танытып жүр. Сексенге келсе де сергек. 
Тәуелсіздік кезеңіндегі белсенді қызметі үшін қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбайұлының омырауындағы марапаттар қатарын «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Астана», «Астанаға – 10 жыл», «Қазақ хандығына – 550 жыл» медальдары мен Президенттің «Алтын барыс», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері», «Маңғыстау облысының Құрметті азаматы», «Қарақия ауданының Құрметті азаматы» төсбелгілері толықтыра түскен. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет Грамотасы мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты да оның ұзақ жылғы белсенді қоғамдық қызметіне берілген үлкен баға.  
Қайраткер Өмірзақ Озғанбаев республика ардагерлер ұйымының жетекшісі ретінде облысымызға бірнеше мәрте келіп кетті. Ол осы сапарларында облыста ардагерлер ұйымдарының жұмысын жандандыруға зор серпін берді. Орынды әрі бағалы ұсыныс-пікірлерінің өзі не тұрады! 
Ол өңірдегі және Тараз қаласындағы тарихи орындарды зор қызығушылықпен аралап, тамашалады. Қанша дегенмен ғалым ғой. 
Әр келгенінде де «Ақыртас» бірегей тарихи кешеніне арнайы атбасын бұрған. Бекер емес екен. Оның «Ақыртас – көне сәулетшілер ақыл-ойының көркем ескерткіші» атты көлемді еңбегі «Ардагерлері ақылман Әулиеата» энциклопедиялық кітабында жарық көрді. 
Болат ЖАППАРҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 
Обсудить

Похожие материалы:

Ойталқы
29 апрель 2020, Среда
Ойталқы
Қазақ бол!
19 март 2021, Пятница
Қазақ бол!
Бірлік – біздің туымыз
29 апрель 2020, Среда
Бірлік – біздің туымыз
Сұхбат
19 март 2020, Четверг
Сұхбат
Добавить комментарий
Комментарии (2)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Gennie
Gennie Гости 26 сентября 2024 06:45
fake designer bags se298,louis vuitton outlet,fake designer bags es721
Liam
Liam Гости 24 октября 2024 21:42
replica shoes fl100 Replica Sneakers Dirty White,Replica Sneakers qx422
Сотрудники
Партнеры