Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Бірлік – біздің туымыз

Бірлік – біздің туымыз

29 апрель 2020, Среда
242
0
Адамның туыстық, жекжаттық жағдайларына қарай қарым-қатынас, сыйластық, алыс-беріс, барыс-келіс жасауы барлық халықта бар. 
Солай бола тұрса да, қазақ халқында-ғыдай бауырмалдық, меймандостық, ерекше қайырымдылық еш ұлтта жоқ-ау меніңше. Мен мұны өз өмірімнен, өмірде көргенімнен, көңілге түйгенімнен айтып отырмын. 
«Халықтар лабораториясы» атанған Қазақстанда жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, игі мақсатпен еңбек етіп жатыр. Олар – Қазақстанға әр кезеңде, әртүрлі тағдырмен келгендер. Орыстар қазақ елін отарлау кезінде ертерек қоныстанған. Немістер мен Қап тауының халықтары – екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде еріксіз жер аударылғандар. Қысық көз қытайлардан қысым көріп,  пана, қорған іздеген менің ата-бабаларым – дүнгендердің келгеніне де бір жарым ғасырдан асыпты. Одан беріде тың игеру тұсында украин, белорус, тағы басқа славян тектестер қаптады. 
Қазақтың пейілі – кең, құшағы – ашық. Сұрқия саясатпен  жымысқыланып елді отарлауға келген орыстар да, «лашын құстың тепкісі көлінен айырған қызғыш құстай» туған жерлерінен ауып келген басқа ұлт өкілдері де сол құшаққа сыйып, пейілге ортақтасты. Арып-ашып келгендер «бүтінді бөліп, жартыны жарып берген» қазақ халқының жақсылығын ұмытпақ емес. Ұмытса, су ішкен құдығына түкіргендері. Өкінішке орай, ондай оғаш қылықтар кейбір тойып секірген топастардың тарапынан орын алғанын айтқан абзал. Айтпаса сөздің атасы өледі. Жыл басында Қордайда болған оқиға – соның бір мысалы. Әйтеуір, іс аяғы жақсы. Соған шүкір! Бірлікке ақсақалдар дәнекер болды. 
Осы оқиғаға бола бүкіл дүнген халқын кінәлауға болмайды. Қазақ жерінде өсіп-өніп, өркен жайып отырған дүнгендер жергілікті ұлт өкілдерімен қоян-қолтық араласып, тіпті, қыз алысып, қыз берісіп, құдандалы да болып кеткен. Қазақстанда біздің тіліміздің, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыздың, мәдениетіміздің дамуына еш кедергі жоқ. Керісінше, қолдау тауып отыр. Бүгінгі мерекке – соның бір дәлелі. 
Осылай қанатының астына алып, қамқорлық көрсетіп отырған мем-лекетқұраушы қазақ халқына алғыстан басқа не айтасың. Рахмет! Мың алғыс! 
Ол алғыс мемлекеттік тілді, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сынды қарапайым тірліктерден көрініс тапса керек. Бәрі де заң аясында. Бізден одан артықты ешкім талап етіп те отырған жоқ. 
Бірлік пен тірлік бақытқа бастайтынын ұмытпайықшы. 

Идрис ЮНУСОВ, 
«Вынхуа» дүнген этно-мәдени
орталығы төрағасының орынбасары. 
Жалпақтөбе ауылы 
Жамбыл ауданы

Обсудить

Похожие материалы:

Сұхбат
19 март 2020, Четверг
Сұхбат
Ізгілік – иманнан
20 март 2020, Пятница
Ізгілік – иманнан
Қазақ бол!
19 март 2020, Четверг
Қазақ бол!
Қазақтың даңқты әйелдері
19 март 2020, Четверг
Қазақтың даңқты әйелдері
Қазақтың даңқты әйелдері
19 март 2020, Четверг
Қазақтың даңқты әйелдері
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры