Қазақ бол!
алы да, әжем туралы да емес. Жалпы қазақ әжелері туралы болмақ.
Адамның адами болмысы, асыл қасиеттері отбасында қалыптасады. Отбасындағы басты құндылық – ұлттық тәрбие. Сол ұлттық тәрбиенің негізін қалаушы жандарды – әжелер деп білемін. Өмірден көргені мол ата мен әже тәрбиесін көрген баланың тілі тез шығады. Өйткені, ол кісілер баламен үлкен адамша сөйлеседі. Жалықпай сұрағанына жауап береді. Сол себепті де әже тәрбиесін көрген бала сөздің қадірін біліп өседі. Даланың дана қарттарының қолында өскен баланың рухани дүниесі бай, намысы биік, көпшіл, бауырмал болып өседі. Мейірім мен адалдық та, үлкенге деген құрмет те ата мен әже тәрбиесін көрген баланың бойынан табылады. Олар әженің мейірімі мен шапағатына бөлене отырып тәрбиені бойына сіңіреді. Жақсы мен жаманды, ұятты, обал –сауаптың мағынасын да жете түсінеді.
Әжелер өнегесі – тәрбиенің қайнар көзі. Әже алдын көріп, тәлімін алған тарихта есімі қалған ұлылар бар. Зередей әжеден қазақтың жыр-дастандарын естіп өскен бала Абай дана Абайға, қазақтың бас ақынына айналды. Айғанымдай әженің өнегесін көріп өскен Шоқан қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болды. Сол әжелер бала кезден бастап бар білетінін, ұлтының бар жақсы қасиеттерін ұзақ-сонар әңгіме айту арқылы бала бойына сіңіре білді. Есесіне тарихта аты қалған ұлы тұлғаларды тәрбиеледі.
Қазір әжелер мейірімі азайып бара жатқандай көрінеді маған. Өйткені, қазір көп апаларымыз зейнет демалысына шықса да, үйде отырғысы келмей, жұмыс істейді, үйде отырған күннің өзінде баланы "құлағым тыныш болсын" деп балабақшаға апарып тастайды. Көпке топырақ шашудан аулақпын, әрине. Келіні мен баласы жұмыста, бір немересін жетектеп мектепке апарып-әкеліп, екінші бір немересін жетектеп қосымша биге, спорттық секцияларға тасып жүрген, үйіне келген соң, «келінім жұмыстан шаршап келеді» деп ас-суын дайындап қоятын да әжелер бар.
Қазір қоғам өзгерді дейміз, адам өзгерді деп жатамыз, уақыт бұрынғысынан жылдам өтіп жатыр дейміз. Меніңше барлығы да өз орнында. Адамдардың пейілі мен бір-біріне деген мейірімі азайып бара жатқандай көрінеді маған. Қазір отбасында шүйіркелесіп бір-бірімізбен сөйлесудің орнына телміріп телефонға қарап отырамыз. Үлкен де, кіші де телефонға телмірген заман. Шынайы өмірден гөрі сондағы өмір қызық сияқты көрінеді. Одан қала берді теледидар. Балалар тек «Балапан» арнасын көреді. Жарайды хош делік, ондағы бағдарламалардың барлығы да қазақ тілінде. Ал, үйдің қалған мүшелері түріктің не кәрістің сериалдарын көреді. Сериал көріп отырғанда немесе үйге қонақ келген жағдайда өз тыныштығымызды ойлап баланың қолына телефон ұстата салатынымыз да жасырын емес. Бала жыламаса, не бізге кедергі келтірмесе екен дейміз. Ал, бала ол темірдің ішінен не көріп отырғанына мән бермейміз. Бұл енді басқа әңгіме.
Сөз басында айтқандай, өз баласын атасы мен әжесіне берген келін сол ата-ененің көзінше баласын еміреніп сүймейді де. Балам деп еркелетпейді де. Осылайша ене мен келін, әке мен бала арасындағы көзге көрінбейтін сыйластық орнайды. Сосын тағы бір айтарым, ата мен әже немересін «құлыншағым», «ботам», «қоңыр қозым» деп немесе кейде «бізді бағатын осы бала» деп еркелетіп, жігер бере отырып жауапкершілікке үйреткен. Осындай ұлттық тәрбие орныққан отбасынан рухы мықты ұл мен қылықты қыз шығады.
Раушан ЖЕТІБАЕВА,
мәдениет саласының үздігі.
Мойынқұм ауданы.

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)