Тәрбие басы - талбесік
Ежелден қазақта отбасы тәрбиесінде ата мен әженің рөлі жоғары болған. Жас отбасында дүниеге келген бірінші перзент атасы мен әжесінің баласы саналған. Балалардың тұңғышын бауырларына басып, осындай мәртебеге ие болғанына олар да мәз. «Атасының баласы» үйде тек ата-әжелерімен ғана санасқан. Солардың айтқандарымен әрекет жасап, ақылдарын тыңдаған. Ата-әжесі үшін де немересінің орны бөлек. Оның айтқандары заң. Ол заң талқылауға жатпайды, тек орындауы керек. Міне, осы тұста ақылды ата мен әже ең алдымен балаға үлкенге сәлемдесуді, құрмет көрсетуді, реті келсе көмектесуді, кішіпейіл болуды үйретулері керек. Бұл ең алдымен есірткен еркелері ертеңгі күні ұятқа қалдырмас үшін. Осылайша ата мен немере арасында ерекше байланыс орнаған.
Бірінші кезекте атасының баласы екенін, «аҺ» дегенде әжесінің аузынан түсе қалғанын санасына сіңіріп өсіп келе жатқан немересіне ата-әжесі қазақ екенін, қай ел екенін, қай рудан тарайтынын үйреткені абзал ең алдымен. Бұл ешқандай рушылдық емес. Бұл «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген жанға батыра айтатын мақалдың өмірдегі көрінісі. Бұл – қан тазалығы. Қазақта жеті атаға дейін қыз алыспау қағидасы қалыптасқан.
Сөйткен қазақ «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» (Төле би) деп рушылдық алауыздық туғызғандарға тоқтам жасаған. «Бөлінгенді бөрі жейді» деп адамдарды сыртқы қауіп-қатерден сақтандырып, «бірлік бар жерде тірлік бар» екенін де ерекше ескертіп отырған.
Міне, осындай қасиетті қағидаларды бала санасына сіңіретін кім? Әрине, атасы. Өйткені, жұмысбасты бала мен келіннің оған уақыттары жоқ. Зейнеткер атаның уақыты көп. Қоғам үшін аса бір қажет қызмет атқарып жатпаса, атасы мен әжесі үйде немерелеріне осы бір бұлжымас, бұзылмас және қазақ барда бұзылмауға тиіс қағидаларды үйретіп отырса, одан үлкен қызмет, одан артық жұмыс неге керек? Бұдан асқан мәртебе жоқ ата-әже үшін.
Бүгінгі жастар үйлене салысымен бөлек шығуды ойлайды. Оларды ертерек бөлек шығаруға асығатын ата-аналар да жоқ емес. Әрине, бұл мәселе баланың немесе келіннің қызмет жағдайына қарай қажетті болса, амал жоқ. Әйтпесе, отбасылы болған баланы келесі бала үйленгенше үйде ұстап, содан кейін еншісін беріп, бөлек отау етіп шығарған ғой қазақ атам. Оған дейін жас отағасы көпті көрген әке мектебінен, келін ене мектебінен өтеді. Ең абзалы немерелері ата-әжесін танып біледі. Олар бөлініп шыққаннан кейін де ата-әжелеріне барғысы келіп тұратын болады. Бірақ бұл көкпарға түсу – нағыз бақыт.
Сондықтан, мейлі қандай «аса қажет» қызметте болса да, ата-әже немере тәрбиесіне уақыт табуы керек. Сонда ғана нағыз ұрпақ сабақтастығы орнығып, салт-дәстүр, әдет-ғұрып сынды ұлттық құндылықтарымыз өміршең болмақ.
Уақыт тапшылығы, уақыт талабы ешқандай сылтау емес. Ата тәрбиесін алған немере нағыз ұлт ұланы, әжесінен үлгі алған немере нағыз ибалы қыз болып өседі.
Қазіргі ата-әженің барлығы оқыған. Сондықтан олардың мектебінен өткен немерелер – нағыз бақытты балалар. Сәбилерді осы бақыттарынан айырмайықшы, жас ата-аналар. Өзім сияқты аталарға да айтарым – осы.
Пернебек СЕМБАЕВ,
ардагер.

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)