Бесіктен безгеніміз бе?
Балаға бір ай толғанда ауруханаға апарып көр-сету міндетті саналады екен. Сол үрдістен қалыспай, келінім де баласын ауруханаға алып барды. Көп жағдайда бос қарап отыратын болғандықтан қасына серік болып мен де ілесіп бардым. Екі айында екпе аласыңдар деп ескерткен медбике келінімнің қолына бір қағаз ұстатты. Сөйтсек, екпе алу үшін алдымен балалар ауруханасына алдын ала қаралып, рұқсат алу шарт болып шықты. Бардық. Қаралдық. Невропатолог, хирургтан тез өттік деп қуанғанымыз сол еді, 3-кабинетте қатарынан тізіліп отыратын ортопедтерде кезек, тіптен, көп екен. Көп күтіп, кірдік-ау, әйтеуір… Немеремнің аяғын дәрігер ары қарады, бері қарады. Әлден кейін бізге қарап: «Бесікке бөлейсіздер ме?»- деп тосыннан сауал тастады. Жасыратын несі бар, ұл –қыздарымның бәрі де бесіктен өсіп шыққан. Майын жағып, аяғын тіктен, әлдиін айтып тербеткен соң, пысылдап ұйықтап жата беретін. Немерелерімді де сол үрдіспен тәрбиелеп жатырмыз. Сондықтан да, келінім «иә» деп жауап қайырды. Сол-ақ екен, әлгі ортопедтің жүзі суып, дауыс көтеріп ұрса бастады. «Бесік-зиян!» деп. «Бесікке бөлеме!» деп өктемсіді. Көзіме жас келіп тұрып қалдым. Үндемедім. Келінімде де дыбыс жоқ. Осылай дәрігердің алдынан не күлерімізді, не жыларымызды білмей, дел-сал күйде шықтық.
Қазіргі медицинаның кейбір талаптарына менің миым жетпей-ақ қойды! Әлгі маманымыз немеремді УДЗ-ге жіберді. Содан не керек, келінім баланы ары сүйреді, бері сүйреді. Бірақ, баланың аяғында еш ақау жоқ болып шықты. Бесіктің еш зияны жоқ екенін іштей сезіп тұрсам да, мамандарға қарсы не дей аласың.
Осы оқиғадан кейін үлкен бір ой жетегінде қалдым. Қазақ «Төрінде бесік тұрса, төре де басын иеді» деген екен кезінде. Бауыржан Момышұлының «Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам» деген сөзі тағы бар. Ал ,бүгін төре түгіл, үйге келген медбикелер де сол бесікпен арпалысатын болды. Бесіктің зиянын дөп басып түсіндіре алмай әлек болады да жатады. Алайда бүкіл қазақ бесіктен өсіп, жетілген жоқ па?! «Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім ал» деп те бабаларымыз өсиет қалдырды емес пе?! Тоғыз ай тар құрсақта жатып-ақ тәрбие нәрімен сусындайтын бөбек жарық дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтінен тәлім алса керек. Тәрбие басы да сол талбесік емес пе? Ал, өмірінің алғашқы жылын бесікте өткізгеннің несі айып?!
Оқуы жоқ болса да, тоқығаны көп қазақтың кемеңгерлігіне таң қалмасқа шараң жоқ. Мысалы, бабаларымыз шала туған балаларды тұмаққа салған екен. Себебі, оның температурасы құрсақтың температурасымен пара-пар екендігін бүгінгі медицина ғылымы дәлелдеп беріп отыр. Балаға ненің зиян, ненің пайдалы екенін анық білген бабаларымыздан қалған құндылықтардан безінгеніміз болмас.
Бесікте жатқан бала ауру-сырқаудан ғана емес, тіл-көзден де аман болатынына өз басым қатты сенемін. Кеңес заманынан қалған ұғымдардан оқшауланатын кез келді емес пе? Қашанғы бесіктен безініп, қазақылықтан қашпақпыз?! Әбіш Кекілбаев: «Бағалай білмегенге бақ қонбайды!» деді емес пе?! Ұлттық құндылықтарымыз бен ерекшеліктерімізді бағаламасақ, ұлтымыздың басына бақ қайдан дарымақ?!
Айжамал МҰХАН,
"Алтын алқа" иегері.
Тараз қаласы.

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)