Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Үлкеннен ұлағат

Үлкеннен ұлағат

19 март 2020, Четверг
245
0

Менің әжем  Шынардың дене бітімі шағын болатынӨзі шағын денелі болса да жүрегі үлкенқұшағы кеңмейірімді кісі едіӘжем он құрсақ көтерген бес ұл, бес қыз тәрбиелеген «Алтын алқа» иегері болатын. Мен үлкен немере болғандықтан апамның қызы болып өстімӘжем бауырына басып, арқалап жүріп, бақтытәрбиеледі. Менің әкем мен анам ешуақытта апамның көзінше еркелетіп, бетімнен сүйген емес. Мүмкін апамды өкпелетіп аламыз деп ойлаған шығар. Отбасымда тұңғыш қыз, ата мен апамның тұңғыш немересі, барған жерімде де тұңғыш келін атану бақыты бұйырды. Бақытты балалық шағымның болғаны үшін және қазіргі бақытты сәттерім үшін менің әжемеге деген алғысым шексіз

Әжемнің бізге берген тәрбиесі көпӘжем әр нәрсенің қадірін білуга үйретті.  Менің есімде бір қалғаны нанның қоқымын сыпырғышпен сыпыртпайтын, «Нан киелі ас қолыңмен теріп ал» деп отыратын. Қандай нәрсе істесең де тазатиянақты істе деп үнемі айтып отыратын. Әжемнің жүн түткеніұршық иіргені,  киіз басқаны, біздерге арнап шұлық тоқығаны бәрі менің есімдеҚыжым маталардан сан түрлі құрақ құрайтын. Қазір әжем құраған сол көрпелер әлі бар, басқаға қайдам, менің көзіме оттай басалады. 

Мен үнемі әжемнің қасына жататынмын. «Осы күнге жеткенімізге шүкірашаршылық пен соғысты сендерге көрсетпесін» деп ұзақ күбірлепАлладан біздің амандығымыздыелдің амандығынтыныштығын тілеп, дұғасын айтып жататын. Тілімді кәлимаға келтіруді де әжем үйреттіТүнде өзі бірнеше рет айтып, содан соң маған айтқызатын.

Әжем тыйым сөздерді көп айтатын. «Нан қоқымын шашпа, малды теппе, ақты төкпе, бүйіріңді таянба, шашыңды жайма, қыз бала аяғын жоғары көтермейді, судың бетін ашық қойма, жуылмаған ыдысты түнге қалдырма» Бұл сөздердің күбірі құлақтан бүгінгі күнге дейін кеткен жоқ. Әрине осының бәрін ол кісі ойлап тапқан жоқ, үлкендерден алған тәрбиесі ғой соны  біздерге өсиет етіп құлаққа құйып отыратын.  Одан жаман болған адамды көрмедім. Қандай өсиет айтса да бір ұшын қыз баланың тәрбиесіне  әкеп тіреп қоятын.  Не іс бастасаң да аяғына дейін жеткіз дейтін. Онысы шыдамдылыққа, төзімділікке үйреткені екеніндігін  кейірінек түсініп жатырмыз ғой.  

Әжемді ауылдың үлкені бар, кішісі бар барлығы жақсы көретін.  Біздің үйге келген кісі шай ішпей қайтпайтын. Бірге отырып дастархан басында шай ішеміз, әңгіме айтылады. Қазақтың дастарханы біздерді көпшілдікке, бауырмалдыққа тәрбиеледі. Әжем газет көп оқитын, содан болар жан-жақты болатын, әңгіменің майын тамызатын. Және қазір байқап қарасам, сол әңгімелерінің біздің болашағымызға, дүниетанымымызға әсері мол болған екен ғой. 

Немерелерін ерекше жақсы көретін. Әжемнің бар байлығы, бақыты, қызығы біздер болдық. Бізден ештеңені аяған жоқ. Құртын, майын, түйіншектегі тәттісін біздерге арнап сақтап қоятын. Үйдің берекесі де, ұйытқысы да әжем болды. Қанша жыл өтсе де менің  әжеме деген сағынышым бір басылған емес. 

Атам бағбан еді. Үйде төрт түп лимон алма тал, өрік тал, жүзім болды. Көкөністің барлығы атамның бақшасында өсетін. Қауындары ерекше тәтті болатын. Атамның бойы ұзын еңселі және мінезді кісі болды. Бірақ апамның мейірімділігі атамның қаталдығын білдірмей тұратын.  Атамның ешуақытта ауырдым деп шағымданғанын естімедім. Атам 2012 жылы 85 жасқа келгенде дүниеден озды.  

Әжем 2008 жылы 73 жасында ауыр науқастан бақилық болды. Өзі ауырып отырса да, қиналып жатса да аузынан бір ауыр сөз естіген емеспін. Сендерге салмақ салмасам екен деп отырды. 

Әженің немереге деген махаббаты өлшеусіз. Әже немересін шексіз мейіріммен сүйеді екен, ал мейіріммен берілген тәрбие ең мықты тәрбие екенін айтқым келеді. 

 

Айман СЕЙДІЛДАЕВА,

Тараз қаласы.  

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Бесіктен безгеніміз бе?
19 март 2020, Четверг
Бесіктен безгеніміз бе?
Қазақ бол!
19 март 2020, Четверг
Қазақ бол!
Күретамыр
19 март 2020, Четверг
Күретамыр
Тәрбие басы - талбесік
19 март 2020, Четверг
Тәрбие басы - талбесік
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры