Президент анасы туралы естелігін бөлісті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында бүгінгі Аналар күні мерекесімен барлық қазақстандық аналарды құттықтап, өз анасы – Тұрар Шабарбаева туралы естелігін жазды.
«Төрт балалы біздің отбасы қарапайым тұрды. Анам ұзақ уақыт бойы белгілі себептермен жұмыс істемеді, ол кісі үй жұмысын атқарды.
Шешей ол кезде жас әйел бола тұра, көп нәрседен, оның ішінде әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын. Әрине, сәнді киініп, әсем әшекейлер таққысы келгені табиғи ғой, алайда бар өмірін перзенттеріне арнап, аналық парызын қысқа ғұмырының ақырына дейін атқарып өтті. Тіпті, қымбат дүниелер алатындай мүмкіндік туған кезде де, өзіне ұнаған заттарды немерелеріне әперумен шектелетін.
Өз өмірімнің Кеңес Одағы тарауымен тұспа-тұс келген сындарлы сәтінде анамның батыл қолдағаны ешқашан ұмытылмайды. Сол бір қауырт күндері Мәскеуде қалып, Ресей мемлекетінің Сыртқы істер министрлігінде қызмет істеу немесе елге қайтып оралуды анықтау қажет еді. Сонда анамның «Әкең тірі болса, саған бірден Қазақстанда қызмет ету керек дер еді» деп айтқаны есімде. Бұл сөз бұйрықтай болып естілді», - деп жазды Мемлекет басшысы өз естелігінде.

Обсудить
Блок в статье:
ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ
12 май 2025, Понедельник
Президент анасы туралы естелігін бөлісті
12 май 2025, Понедельник
Мерекеге орай құрмет көрсетілді
12 май 2025, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (4)