Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУЛАР

ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУЛАР

25 август 2022, Четверг
136
0
2017 жылы Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының қабылданғанын біз жақсы білеміз. Осы заң бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі ардагерлерді әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президенті актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 
Осы Заңға сәйкес, ардагерлердің мына төмендегі санаттары – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы ардагеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері, осы Заңның күші қолданылатын адамдардың басқа санаттары айқындалды.
 Біздің бүгінгі әңгімеміз аталмыш Заңның 7-бабында айқындалған еңбек ардагерлері туралы болмақ. 
Сонымен, "Ардагерлер туралы" Заң бойынша еңбек ардагерлері санатына кімдер жатады?
Еңбек ардагерлері болып Заң бойынша мына санаттағы кісілер айқындалған:
Бірінші, "Социалистік Еңбек Ері" атағын алғандар, үш дәрежелі "Еңбек даңқы" орденінің иегерлері. 
Екінші, "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдар.
Үшінші, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар.
Төртінші, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген, қызмет өткерген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
Бесінші, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын және бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының ордендерімен немесе медальдарымен наградталған, не бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының Құрметті атақтарына ие болған не наградталған, не Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен наградталған адамдар. 
Заң тілімен айтқанда, біздің елімізде еңбек ардагерлеріне осы адамдар жатады. Оларға тиісінше Заң аясында әлеуметтік жеңілдіктер көзделген. Мәселен, "Ардагерлер туралы" Заңның 7-бабына 2021 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістер бойынша біз жоғарыда сөз еткен бесінші санатқа жататын адамдар қосымша айқындалды. Заңның 12-бабы бойынша жоғарыда санаттағы еңбек ардагерлеріне мынандай әлеуметтік жеңілдіктер көзделген: 
— Қолданыстағы заңнамаға сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі, жергілікті атқарушы органдар ақшалай немесе зат түрінде көрсететін әлеуметтік көмектер, қызмет бабындағы тұрғын үйден шығарылған жағдайда басқа тұрғын үй беру құқығы, олар жұмыс істеп жүрген кезінде тіркелген емханаларды зейнеткерлікке шыққаннан кейін пайдалану құқығы, жыл сайынғы демалысты өзіне қолайлы уақытта пайдалануға, сонымен қатар, жылына екі апталық жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу, байланыс қызметтерінің барлық түрін кезектен тыс пайдалану құқығы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салу жеңілдіктері, ардагерлердің отбасын немесе оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде бір жолғы төлем. 
Құрметті ардагерлер, "Ардагерлер туралы" Заң бойынша еңбек ардагерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдауларды біле жүрсін деген ниетпен осы мәселелерді назарларыңызға ұсынып отырмыз. Құқықтарыңызды біле жүріңіздер! 
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
Қоғам
30 май 2022, Понедельник
Қоғам
Үлкендер өзгерісті қолдайды
01 июль 2022, Пятница
Үлкендер өзгерісті қолдайды
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры