Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » «Ел болашағын айқындайтын қадам»

«Ел болашағын айқындайтын қадам»

01 июль 2022, Пятница
105
0
Еліміздің саяси өмірінде тарихтың жаңа парағы ашылғалы тұр. Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 16 наурызында Қазақстан халқына Жолдауында саяси жаңғыру туралы ауқымды бағдарлама ұсынатынын мәлімдеген болатын. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе күн тәртібіне қойылып, арнайы жұмысшы тобы құрылып, оған қатысушылар Негізгі Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзірлеп, оны мұқият зерделеп, Конституциялық кеңеске жолдады. Бұл орган өз қорытындысын ұсынды. Ата Заң баптарының үштен бірі өзгеретін болды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Және де өзінің бейнеүндеуінде өзгерістер мен толықтырулар саяси жүйемізді түбегейлі өзгертуге бағытталып отырғанын баса айтты.  
Референдумға байланысты аудандық штаб құрылды. Штаб басшысының орынбасары, Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы Берікқара ауылдық округына қарасты Қожағаппар ауылында халықпен кездесіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты мағлұмат берді.  Шешен өз сөзінде бұл Конституциялық реформа барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталғандығын атап көрсетті. Таяу болашақта «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Парламенті, есеп беретін үкіметі бар Президенттік Республикаға түбегейлі көшетін боламыз. Заң алдында азаматтардың теңдігі мен құқығы бірдей болып, әділетті қоғам орнауға негіз қаланады.
Жиналыста еңбек ардагерлері П.Абаев, М.Мырзахметовтер сөйлеп, Ата Заңға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын айтып, ауылдастарын 5 маусым күні болатын референдумға бір кісідей қатысуға шақырды. 
Айдана БАҒАЛЫ,
Талас ауданы.
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры