Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Үлкендер өзгерісті қалайды

Үлкендер өзгерісті қалайды

31 май 2022, Вторник
104
0
Құрметті халайық! 
Тәуелсіз мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Бүгінде халқымыз Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша үстіміздегі жылдың 5 маусымында өткізілетін референдумға қызу дайындалуда. Бұл жолы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің Ата Заңының үштен бірі өзгермекші. Былайша айтқанда, Тәуелсіз мемлекетіміз түбегейлі саяси және экономикалық реформалар қарсаңында тұр. Еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар біздің демократиялық жолмен бұдан былайғы дамуымызға жол ашқалы тұр. Нақтылап айтатын болсақ, билік арасындағы қарым-қатынас оңтайландырылады, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысуы кеңейтіледі, адамның және азаматтың құқықтары кеңірек қорғалатын болады, суперпрезиденттік биліктен кең өкілеттілігі бар парламенттік, есеп беретін үкіметтік жүйеге көшетін боламыз. 
Жақында Қазақстан Республикасының Конституция-сына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша өткелі отырған референдумды қолдау жөніндегі облыс ардагерлер ұйымының алдында тұрған міндеттерді талқылаған облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысында осы саяси науқанға облыс халқын, сайлаушыларды кеңінен қатыстыруға шақырған Үндеу қабылданды.
Еліміздің тағдыршешті бағыты болып табылатын Негізгі Заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар біздің ардагерлердің толықтай көңілінен шығып отыр. Аға буын өкілдері билік тармақтарында, жалпы қоғамда әділеттілік орнайтындығына, саяси жүйеде шынайы, ашық, халыққа түсінікті жүйе қалыптасатындығына, экономикамызда бәсекелестік ортаның нығаятындығына сенімді. Алда болатын референдумды Қазақстанның жарқын болашағын айқындайтын тарихи оқиға деп бағалаймыз. 
Бүкілхалықтық  референдум – қоғамдық пікірдің көрінісі болып табылады. Сондықтан біз сайлау жасындағы әрбір облыс тұрғынын референдумға қатысуға шақырамыз. Дауыс беру арқылы біз өзіміздің әділетті болашағызды айқындай аламыз. 
Үштен бірі түбегейлі өзгеріске ұшырайын деп отырған Ата Заңымыз халқымыздың баянды болашағын қамтамасыз ететініне кәміл сенеміз. Облыстағы 127 мыңдай зейнеткердің елімізде күтіліп отырған саяси және экономикалық, әлеуметтік және рухани өзгерістерге дауыс беретіндігіне сенеміз. Біздің ақылман ардагерлеріміз сол ұлы өзгерістердің қалың ортасынан табылатындығына кәміл сенеміз.  
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде алдағы 5 маусымда референдум өткізу туралы Жарлық жарияланған күннен бастап облыстың ардагерлер ұйымы насихат және үгіт жұмыстарына белсенділікпен атсалысуда. Облысымызда құрылған қоғамдық штабтың құрамындағы облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері қала, аудандарға бөлініп, қоғамдық қызметін жалғастыруда. Біздің аудандық және Тараз қалалық ардагерлер кеңестерінің төрағалары  аудандық және қалалық деңгейдегі қоғамдық штабтарды басқаруға қатысуда. Әрбір белсенді ардагеріміз сайлаушылардың арасында бүгінде ақпараттық жұмыстар жүргізуде. Теледидарларда, баспасөз беттерінде үлкендеріміз ел халқын Жаңа Қазақстанды құруға белсене қатысуға шақыруда. 
Құрметті ағайындар! Бізді аса маңызды саяси науқан, еліміздің дамуының белесті кезеңі күтіп тұр. Осы маңызды тарихи оқиғаға бәріңізді белсенділікпен атсалысуға шақырамыз. Еліміздің жарқын, әділетті, бәсекеге қабілетті болашағы біздің әрқайсысымыздың таңдауымызға байланысты екендігін ұмытпағандарыңыз жөн.  Сіздерді референдум күні дауыс беруге шақырамыз! 

Үндеу облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген
отырысында қабылданды. 
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Референдум
31 май 2022, Вторник
Референдум
Үндеу
30 май 2022, Понедельник
Үндеу
Қоғам
30 май 2022, Понедельник
Қоғам
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры