Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Ерлік ескірмейді

Ерлік ескірмейді

06 май 2025, Вторник
33
0
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай майдангер ұстаз Қазақ КСР-інің еңбек  сіңірген мұғалімі Шахан Әлішов туралы мақала жазуды парызым деп есептеймін. 
 Өйткені ол – Ұлы Отан соғысында ерен ерлік танытқан Совет Одағының Батыры атағына ұсынылған жамбылдық санаулы жауынгерлердің бірі. Ержүрек майдангер соғыстан аман-есен оралғаннан кейін ұстаздық еңбегін жалғастырды. "Қазақ КСР-інің еңбек  сіңірген мұғалімі" атағын алғаш алғандардың бірі де Шахан ағай еді. Осындай мәртебелі атаққа сол кезде мұғалімдер арасында аудан бойынша үш-ақ ұстаз ие болса, соның бірі осы кісі еді. Шахан ағай өзінің ұлағатты ұстаздығымен, парасаттылығымен, адалдығымен, батылдығымен және қарапайымдылығымен есімі ел есінде қалды.  
  Сөзім дәлелді болу үшін Шахан ағайдың қарындасы Әселхан Оразымбетқызының естелігін оқырмандар назарына ұсынсам деймін.  
– Шахан ағам Әліш әкемнен жалғыз ұл еді. 5 жасында әкесі қайтыс болып, анасы Балжанның тәрбиесінде болады. Телеу атамыз келіні мен немересінің отауына барынша қамқорлық жасады. Содан Шахан аға ер жетіп, жігіт болғанша елдің басынан талай қилы-қилы заман өтті. Кеңес өкіметі орнығып,  біздің аталарымыз байлардың ұрпағы деген желеумен қуғыншылыққа ұшырады. 1932-1933 жылдары ата қонысымыз Топардан үдере көтеріліп,  Қырғыз елін бетке алады. Содан біраз жыл өткен соң, ел іші аздап тыныштала бастағанда, ағайын-туған өзіміздің аталарымыздың жайлауы – Аңырақай тұсындағы Қаржауға жиналады. Шахан ағадан кейінгі Базарбай тұқымының балалары сол Қаржауда дүниеге келгенбіз. Шахан аға мектепті бітірген соң, мұғалімдер даярлайтын курсты бітіріп, ауылда ұстаз болып қызмет атқарды. Содан ел жаңадан ес жинап келе жатқанда, ер жеткен жігіттердің көбі 1939 жылдан әскер қатарына шақырылып,одан әрі 1941 жылғы Ұлы Отан соғысы басталды, – деп еске алады майдангер ұстаздың қарындасы. 
Шахан ағаның анасы Балжанға баласының әскерге кетуі жүрегіне қауіп төндіріп, оның тағдырына алаңдай бастайды.
 Шахан аға майданға аттанарда:
– Ардақты анам! Сіз мені тәрбиелеп өсірдіңіз. Ана, мен соғысқа аттанамын.Отан аманатын орындауым керек. Мен майданға кетті деп қайғырмаңыз,қайта өз ұлыңыз, Отанын жаудан қорғауға аттанғанын мақтан етіңіз! – деп анасын жігерлендіреді. 
– Мен әскер қатарына аттанарда, 1939 жылдың 1 желтоқсанында  анам Балжан мойныма құрма дәнінен моншақ тақты. Содан мен әскер қатарында болған  52-армия құрамындағы Багдан Хмельницкий оренді атқыштар дивизиясы  көп күнге созылған қатты ұрыста шегінген жауды өкшелей қуды. Осы ұрыстарда мыңдаған солдаттар мен офицерлер ерліктерімен көзге түсті. Оның ішінде, менде бар едім.
Қазақ баласы ар мен намысты бәрінен жоғары қойған. Мен майданнан оралғанда 1945 жылы 6 қарашада анам Балжан мойнымнан құрма моншақты өзі шешіп еді, – деп еске алады майдангер ұстаз. 
Сол бақытты ана, ардақты әже бала-шағасының қызығын көріп, жалғыз ұлынан оншақты немере сүйіп, оларды аймалап, сексеннен асқан шағында  өмірден озды. 
Ұлы Отан соғысында Шахан ағай III,II-дәрежелі «Даңқ», «Қызыл жұлдыз», «Қызыл ту» ордендерімен, «Сталинградты азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, яғни 4 орден, 25 медалмен марапатталады. Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылып, алмай қалғанын былай қойғанның өзінде жоғарыдағы жауынгерлік мәртебелі марапаттарын кеудесіне таққан Шахан ағамызды батыр демей көріңіз.  
Ұлы Отан соғысынан жеңіспен оралған батыр ағамыз ұстаздық еңбек жолына «Ақтасты» ауылының бастауыш мектеп меңгерушісі, 1949 жылы «Панфилов» жеті жылдық мектебінің директоры,  1959 жылы С.Шәкіров атындағы мектеп-интернат меңгерушісі қызметінен бастап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, ұстаздық еңбегін абыроймен атқарып, 1978 жылы зейнетке шықты.
Шахан ағай мағыналы өмірін, ақыл-парасатын , ұстаздық  тәлім-тәрбиесін жас ұрпақ тәрбиелеуге арнады. Дос-жолдасқа адал, туған-туыс, бауыларына қамқор бола білді.
Ұлағатты ұстаз Шахан ағай мен ардақты ана Бақтыбала апамыздың ұрпақтары бүгінде  өсіп-өніп, түрлі салады табысты қызмет атқаруда. Қара шаңырақта Қалмен  мен Дина бүкіл әулеттің ұйытқысы болып отыр. Төле бидегі бір көшеге  Шахан Әлішев есімі берілген.
Мектебімізде Шахан ағайдың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті. 
Шахан ағай өзі сабақ берген  қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінде ұлағатты ұстазға арнап, бұрыш ашылды. Оған жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назира  Сағынғалиқызы Жұмақұлова жетекшілік етеді.   Мақ-сатымыз жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысы ардагерінің ерлік істерін үлгі ете отырып, егеменді еліміздің патриоттарын тәр-биелеу.

Дәнен БЕЙСЕНБАЕВА, 
Шу аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі

Обсудить
Блок в статье:
Батыр Бауыржан 06 май 2025, Вторник
Саяхат 06 май 2025, Вторник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл 06 май 2025, Вторник

Похожие материалы:

Ерлік ескірмейді
06 май 2025, Вторник
Ерлік ескірмейді
АТАҚҚҰМАРЛЫҚ АЛЫСҚА АПАРМАЙДЫ
30 январь 2024, Вторник
АТАҚҚҰМАРЛЫҚ АЛЫСҚА АПАРМАЙДЫ
Ұстаздық еткен жалықпас
09 март 2022, Среда
Ұстаздық еткен жалықпас
ҰСТАЗ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
13 декабрь 2024, Пятница
ҰСТАЗ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
ДАҢҚ
06 май 2020, Среда
ДАҢҚ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры