Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

ДАҢҚ

06 май 2020, Среда
214
1
"Ол – жауды қанқұйлы ұясы Рейхстагта жер жастандырып қайтқан жеңімпаздың бірі, бірі емес-ау бірегейі",- деді Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО және Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері, тағы да көптеген марапаттардың иегері, көп жылғы көршім Әсет Кемпіреков әйгілі майдангер Рахымжан Қошқарбаев туралы осылай деді 1995 жылы Жеңістің 50 жылдығына орай Мәскеудегі мерекелік шеруге қатысып қайтқан сапарында. Сәлем беруге, әрі сұхбат алуға барғанмын. 
–Неге олай ерекше бағалай айттыңыз?– деп сұрадым мен. Әсекеңнің қандыкөйлек қарулас досы, Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев туралы айтқан жақсы лебіздерін бұрын да естіп жүрмін ғой. Тіпті, батырдың жау ордасына шабуыл кезінде алты минөтте жүріп өтуге болатын жолды алты сағат бойы жер бауырлап жылжып өткенінде жауға бас көтертпей оқ жаудырып, жеңімпазға «жол ашқан» кіші лейтенант Әсет Кемпірековтің взводы екені туралы әскери қолбасшы Штеменконың «Рейхстагқа шабуыл» мемуарлық кітабында жазылғанын да білетінмін. Біле-тұра Әсет ағаның ерекше сипат бере сөйлеуіне қарай берілген сұрақ бұл. 
–Мерекелік шерудің алдыңғы сапында келеміз. Сап алдында Рейхстагқа ту тіккізіп, «қолдан жасаған батырдың» біреуі Жеңіс туын көтеріп барады. Қайсысы екенін қайдам, біреуі қайтыс болып кетіпті. Нағыз батыр болмағаннан кейін оны білуге құлқым да болған жоқ. Бір сәт Рахымжан әлгі «қуыршақ батырдың» қасына жетіп барып қолынан Жеңіс туын жұлып алғаны. 
–Хватит тебе носить Знамени Победы, теперь наша очередь!-деді де алға қарай алшаңдай жөнелді. Анау не десін, ол да қаусаған шал ғой. Қауқалақтап барып қасындағылардың сүйемелдеуімен құламай қалды, әйтеуір. Мен «бірдеме шығып кете ме» деп қауіп ойлағанмын. Қанша дегенмен, Одақ тарап кеткен. Қанша дегенмен, жат ел, жат жердегі шеруде келе жатырмыз. Жоқ, олай болмады. Мен өзіммен қатар ілби басып келе жатқан бұрынғы әскербасылардың, генералдардың, гвардия полковниктерінің «Он прав! Он прав!» деп қоштай бас шұлғығандарын көріп, төбем көкке жеткендей болдым. Жаңағы бір қауіптен жұрнақ та қалмай сейілген. Рахымжан қазақтың нағыз хас батыры ғой. Осы жолғы Жеңіс парадынан алып қайтқан олжам сол болды, Болат товарищ!- деп әңгімесін аяқтап еді Әсекең – Әсет Кемпіреков аға сөзінің соңын өзі сүйіп айтатын «товарищ» сөзімен тұздықтап, 
–Ал, менің олжам сол бір тамаша сұхбат болған еді! 
Болат ЖАППАРҰЛЫ,
ардагер журналист.
Обсудить

Похожие материалы:

Ұлы даланың ұлылары
29 апрель 2020, Среда
Ұлы даланың ұлылары
Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
Ер есімі - ел есінде
08 апрель 2020, Среда
Ер есімі - ел есінде
Сұхбат
19 март 2020, Четверг
Сұхбат
Бесіктен безгеніміз бе?
19 март 2020, Четверг
Бесіктен безгеніміз бе?
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Margarette
Margarette Гости 25 сентября 2024 23:15
Replica Sneakers for women vx456 Replica Sneakers Dirty White,Replica Sneaker np751
Сотрудники
Партнеры